Жандос Қалтаев, «AMANAT» партиясы Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының кеңсесінде қонақта болды.
Кездесу барысында еліміздегі тарихи орындар мен қастерлі кесенелердің бүгінгі күнге дейін сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде аманат болып жеткені кеңінен сөз болды. Бұл құндылықтарды көздің қарашығындай қорғап, келешек ұрпаққа бүтін күйінде табыстау – қазіргі буынның басты міндеті екені атап өтілді.
Сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығы аясында сақталған құнды қолжазбалар мен әдеби мұралардың маңызы ерекше екені айтылды. Олар бүгінгі қоғамда түрлі жат ағымдарға қарсы тұратын, ел бірлігін нығайтатын маңызды рухани тірек әрі ұлттық кодтың ажырамас бөлігі ретінде бағаланды.
Кездесу барысында Уақып қорының елімізде жүзеге асырып жатқан жұмыс жоспарлары таныстырылып, ел игілігі жолында атқарылған ауқымды жобалар жөнінде жан-жақты ақпараттармен бөлісті.