ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретіміздің бекіткен жылдық жоспары аясында, ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігі облыс әкімдігі ғимаратында «Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында тағылымды семинар өткізді.
Жиынды «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының өкілі Аңсаған Абдрахман ашып, семинардың негізгі мақсаты мен маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Семинар елімізге танымал қари Мұртаза Ертайұлының қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталды. Одан кейін облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз сөйлеп, уақып ұғымының соңғы жылдары қоғамда кеңінен насихатталып, қайырымдылықтың жарқын үлгісіне айналып отырғанын атап өтті.
Белгілі ұстаз, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет өз баяндамасында уақыптың Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) заманынан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүр екенін атап өтті.
Жиын барысында қатысушыларға уақып мәдениетінің қоғамдағы орны, оның әлеуметтік тұрақтылық пен рухани дамуға қосар үлесі кеңінен түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, уақып арқылы жүзеге асырылып жатқан игі жобалар таныстырылып, алдағы жоспарлар сараланды.