Алматы қаласында орналасқан «BeNomad Halal Fast Grill» кафесінің иесі Чингис Мирхатович уақыпнама алды.
Уақыпнаманы ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы ресми түрде табыстады.
Чингис мырза Алла жолындағы сауапты іске үлес қосу мақсатында өз кәсібінен түсетін табыстың бір бөлігін ай сайын Уақып қорына тұрақты түрде аударып отыруға ниет білдірді. Бұл – сауабы үзілмей жалғасатын жария садақаның көркем үлгісі, қоғам игілігіне бағытталған ізгі қадам.
Осы сауапты бастамасы үшін Уақып қоры Чингис мырзаға шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған амалын қабыл етіп, кәсібіне береке, табысына молшылық, отбасына амандық пен тыныштық нәсіп етсін!