Шымкент қаласының бірнеше мешіттерінде жамағатқа уақып тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Ордабасы мешіті, Дәуітұлы Шыңғысбай мешіті, Сейткәрім қажы мешіті мешіті жамағатына уақыптың шариғаттағы орны, оның садақа жария ретіндегі артықшылықтары, сондай-ақ қоғамға және мұқтаж жандарға тигізер пайдасы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, барша көпшілік игі іске атсалысуға шақырылды.


