ҚМДБ Жетісу облысында тұрғын үй уақып етілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының Жетісу облысы бойынша қызметі аясында игі іс жүзеге асты.
Жетісу облысы, Текелі қаласы, Рудничный ауылы, Бейбітшілік көшесінде орналасқан тұрғын үй Алла жолында уақып етіліп, Уақып қорына табысталды. Аталған мүлікті ҚМДБ жанындағы Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының Жетісу облысы бойынша уақып ісіне жауапты маманы Ғазиз Нұржол қабылдап алды.
Қазіргі таңда бұл тұрғын үй мешіт ұстазының қызметтік баспанасы ретінде пайдаланылуда. Яғни уақып етілген үй дін жолында қызмет етіп жүрген маманның тұрақты жағдайын қамтамасыз етіп, діни-ағарту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуіне мүмкіндік беріп отыр.
Уақып - сатылмайтын, сыйға тартылмайтын, мирасқа қалдырылмайтын, Алла разылығы үшін мәңгілік сауапқа айналатын игі амал. Бұл уақып арқылы бір ғана адам емес, жылдар бойы дінге қызмет еткен талай жанның еңбегіне жағдай жасалып, сауабы үздіксіз жалғасады.