Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен Zoom қосымшасы арқылы өңірлік уақып қорына жауапты өкілдердің қатысуымен республикалық жиналыс өтті.
Жиналысты ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек қажы Мұқатай ашып, Бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Сонымен қатар, алдағы кезеңде уақып саласын жүйелі дамыту, өңірлердегі жұмысты күшейту және бірізділікті сақтау қажеттігін атап өтті.
Ермек қажы Мұқатайдың төрағалығымен өткен жиынға «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікәрімұлы, қор қызметкерлері және өңірлік уақып өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында уақып саласында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, 2026 жылға арналған нақты міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, уақып қасапханасы жобасы, уақып өнімдерін дамыту, уақыпнама табыстау рәсімдерін жүйелеу, сондай-ақ өңірлердегі жұмыс барысы мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, уақып мүлкін тиімді басқару, айналымдағы уақып үлесін арттыру, уақып мәдениетін халық арасында кеңінен насихаттау және өңірлердегі жауапты өкілдердің жұмысын үйлестіру мәселелері назарға алынды. Өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.
Жиын қорытындысында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары түсіндірілді, әр өңірге нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл жоспарлар уақып қызметін жүйелеуге, оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталды.