ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бекіткен жылдық жоспары аясында ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлының, “Ақтөбе” қаласына арнайы жұмыс сапары барысында игі бастама жүзеге асты.
Тұрғын үй құрылысымен айналысатын кәсіпкер, өзі салған тұрғын үй кешенінен 70 шаршы метрлік ғимаратты Алла разылығы үшін уақып етіп, қор қарамағына ресми түрде табыстады.
Іс-шара барысында қор директоры кәсіпкерге шынайы алғысын білдіріп, бұл қадамның қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ қор атынан арнайы «УАҚЫП» тақтайшасы табысталды.
Алдағы уақытта аталған нысан кәсіп орны ретінде пайдаланылып, одан түсетін табыс діни-ағартушылық жұмыстарға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге және ислам құндылықтарын насихаттауға бағытталмақ.
Бұл – үзілмейтін сауапқа бастайтын садақа жарияның нақты көрінісі