Хақ дініміз исламдағы қоғамға үздіксіз пайдасын тигізетін адам баласы игілігіне орасан әсер ететін қайырымдылықтың ең төресі - уақып амалы. Уақып жасау - адам баласын Жаратушы Иесіне жақындататын жасалуы ең ұнамды болған Раббысы нәсіп еткен дүниені сол жолда жұмсай алу - адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Адам баласы бұл дүниеде әр түрлі мақсат қояды. Сол мақсаттардың ең көркемі - қоғамға пайдалы болу, қоршаған ортаға жанашырлық таныту, сонымен қоса өркениет қалыптастыру.
Ислам тарихында уақып жасаған қаншама жомарт жандардың бар екені белгілі. Омар сахабаның Хайбар ғазауатында үлкен жерге ие болғандығы және ол мүлікті қалай пайдалану керектігін Алла Елшісінен сұрағандығы баяндалады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын): жерді уақып жасап, одан түскен пайданы Алла жолында садақа етіп отыру керектігін айтқан. Саңлақ сахаба Омар(Алла разы болсын) Хақ Елшіге бірден бойұсынып, жерді ешкімге сатылмайтын, тіпті мирас етіп те қалдырмайтындығын ескерткен.
Сонымен қоса Әли сахабаның Мәдинада бірнеше жер, бау-бақша, тіпті қызметшілерінде Алла жолында уақып жасағандығы тарих кітаптарында айқын көрініс тапқан. Пайғамбар заманындағы ең ауқымды әрі әлеуметтік мәселелерді шешкен Осман сахабаның жасаған уақыбы. Құдық суының бағасын тым қымбаттатып жіберген яһудидің құдығын сатып алып мұсылмандар игілігіне жұмсаған адамға Пайғамбарымыз(Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Қайсыбір жан иесі құдықты өз меншігіне алып, мұсылман қауымына уақып етсе, ол адамға жәннатта бұдан да жақсысы болады”- деді. Бұл сүйіншіні естіген Осман сахаба өз қаражатына сатып алып, мұсылмандар игілігіне береді. Бұл қайырымды іс - мұсылман үмбеті үшін үлкен өнеге.
Алла Елшісінен кейін халифалар дәуірінде де уақып амалы жүйелі түрде жасалып отырды. Соның ішінде жетімдерге, жолда қалғандарға, кедейлерге, жолаушыларға, жиһад жолына, шәкірттерге үнемі қамқорлық танытып отырды.
Алғаш рет Омейядтар дәуірінде уақып қорларына - арнайы құжаттар, басқарма орындары ашылып, қазына құрылды.
Аббасидтер кезеңінде уақып қаражатына жолаушылар тоқтап отыратын қысқы-жазғы керуен сарайлары, ауруханалар, мектептер, жолдар мен кітапханалар ашыла бастады. Тіпті мыңнан аса қызметкерлер айлық жалақысын алып отырған.
Уақып амалының алтын ғасыры - Осман мемлекетімен тұспа-тұс келеді. Соншалықты дәрежеде өскендігі - медреселер, мектептер, мешіттер, университеттер, көпірлер, мешіт имамдарының жалақылары, жол салу істерінің барлығын уақып қорлары қамтамасыз етіп отырды. Тіпті Стамбул қаласының жартысына жуық жерлері уақып меншігіне жұмыс жасаған.
Қорыта айтқанда уақып амалы ислам тарихында - әлеуметтік жәрдем, денсаулық сақтау, қоғамды жан-жақты дамыту, білім беру, мұсылмандарды біріктіру жолында сансыз сауапты амалдарды жүзеге асырды.