Адамның ниеті маңызды.
Түркияда уақып қайырымдылық қорын ашып, медресе салып, жүздеген шәкірт оқытып жүрген қандастарымыздың бірі - Ибраxим Мұтлы ағамызбен кездескенімде, ол кісі айтқан мына бір әңгімесі кімді болмасын таң қалдырмай қоймайды:
"Бір мезгіл өзім де қорды басқардым.Сол кезде біреу маған ақша берсе, кейде сол ақшаны үйде қалдырып кетіп, қор есепшісін жолықтырсам, қалтамда сол ақшаға тең келетін өз ақшамды беріп, шетін бүктеп:"Бауырым, мынау пәленше кісі қорымызға берген мың лира ақша, бірақ бұл менің қалтамдағы ақша.Ол кісінің берген мың лирасы үйде қалып қойды.Егер мен ертең сол ақшаны бере алмасам, сол адамның аманаты мойнымнан түсті.Ал, егер келсем, бүктелген өз ақшамды аламын",- деп айтсам, есепші жігіт:"Аға, екеуі де бір ақша емес пе?Оны несіне айырбастайсыз?",-дейді таң қалып.Мен оған: "Бауырым, ол кісінің ақшасында "таза ниет" бар, ал менің ақшам, мен адвокат болып істеп жүрген соң әртүрлі адам берген ақша, мүмкін таза емес, ішінде ол ниет жоқ",-деп жауап беретінмін",-деді.
Расында, Алла Елшісі (с.ғ.с):"Шынында амалдар ниетке байланысты...",(Бұxари мен Муслим риуаят еткен) -деп айтқандай, қандай ғибратты амал...Екеуі де бір сомадағы ақша болса да, бірісінде ниет бар, бірісі жай ақша.
Яғни, уақып қоры ісінің адал да берекелі болуы үшін осы амал да қажет екен.
Алла баршамызға жақсы амалды таза ниетпен жасауды нәсіп етсін!
Қуат Қабдолда