Садақа жарияның түрлері
«Мал-мүліктеріңнен күндіз-түні жасырын немесе ашық түрде садақа беретіндердің сауабы Алланың алдында дайын. Оларға қауіп-қатер, қам-қайғы болмайды. (Бақара сүресі – 274аят).
«Адам өлгеннен кейін жасаған амалы тоқтайды. Бірақ, мына үш нәрсенің сауабы тоқтаусыз барып тұрады. Алғашқысы - садақа жария, екіншісі пайдаланылатын ілім, соңғысы ол үшін дұға жасап жүретін ұрпақ». (Сахих Мүслім).
Жария садақа дегеніміз не? Жария сөзі ашық, елге көрсету, жасырмау, жар салу, жариялау мағынасын береді. Жария садақа – ол еш үзілмей сауабы артынан барып тұратын садақа. Міне осы садақаны дінімізде Уақып депте атаған яғни қияметке дейін тоқтаусыз баратын сауап.
Таратып айтсақ: Ел игілігі үшін жол салу, құдық қазу, көпір салу, мешіт тұрғызу, медресе тұрғызу, аурухана тұрғызу, бау-бақша өсіру сынды халыққа пайдасы тиетін жұмыстардың бәрі жатады.
Екіншісі пайдалы ілім: үйренген іліміңізді басқаларға үйрету, пайдалы кітап жазып қалдыру, адамзат баласына пайдалы барлық дүние және ақырет ғылымдары бойынша ұстаздық жасау, мамандығың бойынша елге жақсы қызымет көрсету, үйрету. Елге, жерге, дін-исламаға пайдасы тиетін шәкірт тәрбиелеу.
Үшінші салихалы ұрпақ: үл-қызыңызды жөргегінен дүние және Жаратушысын тану ғылымын тең меңгертіп, отанға, елге, жерге, халқына, адамзатқа пайдалы тұлға болып өсіуіне себепкер болсаңыз, сол салих ұрпағызыңз сіздің атыңызды ататып, жақсы кісінің баласы осындай болады дегізіп жүрсе, әр дайым еске алып құран оқып, дұға жасап тұрса артыңыздан еш үзілмей сауап барып тұрады.
Муаз ибн Анас (р.а.) айтады, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім ешкімге зиян қылмастан және біреудің ақысын жеместен, қандай да бір ғимарат тұрғызса немесе біреудің ақысын жемей, зиян бермей ағаш отырғызса, Алланың жаратылыстары одан пайдалануға жарағанға дейін, оған сауап барып тұрады»
Біреудің үйленуіне себепкер болу. Өйткені, олардың ұрпағынан кім игі іс жасаса, соның сауабы себепші болған адамға жазылып тұрады.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүмін өлгеннен кейін де сауабы барып тұратын игі амалы мен жақсылықтарының кейбірі мыналар: үйретіп тарқатқан ілім, артында қалдырған салиқалы ұрпақ, мұраға қалдырған Құран, тұрғызған мешіт не жолда қалғандар үшін соққан үй немесе арық қазып су ағызу», - деген екен (Ибн Мәжә: Сүнән №242 хадис)
Бір тал болсада егіп құрт-құмырысқаға, құстарға, адамдарға пайдаңды тигіз, еш болмағанда жақсы бір сөз қалдыр артыңа. Жақсы сөзің жармы ырыс әкеледі деген атам қазақ. Жақсылықта жарысайық.
Садқа жария жасап өлместің суын іш, атың өшпей тірілермен бірге аталып жүрсін. Адам жақсы ұрпағымен мың жасайды.
Алматы облысының Уақып өкілі:Абдрахманұлы Нұртай Иманберлинов.