Алла Тағала уақып жасаған пендесіне нендей нығметтер береді. Себебі Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сүйген нәрселеріңді (Алла жолында) жұмсамайынша (садақа бермейінше), тақуалыққа (жақсылыққа) қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да, Алла оны сөзсіз біліп тұрады» («Әли-Ғимран» сүресі, 92-аят), – деп баяндайды.
Уақыптың пайдалары:
Уақыптың пайдалары:
1) Мал мүлкін Алла жолында уақып қылу Аллаға жақындатады. Мұсылман осы арқылы үлкен сауапқа ие болады және ол үшін бұдан асқан үлкен қайырлы іс болмайды;
2) Мал мүлкін уақып қылған мұсылман осы арқылы Аллаға құл болғандығын және Алланы сүйетіндігін білдіреді. Алланың махаббатына тек үлкен сауапты іс әрекеттер ғана жеткізеді;
3) Уақып арқылы қайтыс болған мұсылманның сауабы үзілмей артынан барып тұрады. Негізінде бір мұсылман қайтыс болған кезде бүкіл іс әрекеттерінің сауабы үзіледі. Ал жасаған уақыпының сауабы үзілмейді. Сол арқылы оның рухы қабірде жатса да уақыптың сауабы арқылы нұрланатын болады. Қайтыс болған мұсылманның артынан салиқалы ұрпағының дұғасы, пайдалы білімінің және қылған уақыпының сауабы барып тұрады;
4) Уақып мұсылмандардың қажетіне асады және осы арқылы Ислам дінінің дамуына өз үлесін қосады.