Өлімді ұмытпау, ақыретті есте сақтау және қабірді сабақ алу үшін зиярат ету – жақсы амалдар болып табылады.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бас кезінде қабірге баруға тиым салған, бірақ кейін рұқсат берген. Әлиден (оған Аллаһ разы болсын) жеткендей Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Мен сендерге қабірге баруға тиым салдым. Енді бара беріңдер. Себебі ол жер сендерге ақыретті еске салады. Ол жерге барғанда тек жақсы сөз сөйлеңдер».
«Мен сендерге қабірге баруға тиым салдым. Енді бара беріңдер. Себебі ол жер сендерге ақыретті еске салады. Ол жерге барғанда тек жақсы сөз сөйлеңдер».
Әбу Заррдан (оларға Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Қабірлерді зиярат етіңдер. Себебі оларды зиярат ету арқылы ақыретті еске түсіресіңдер. Өлгендерді жуындырыңдар. Расында, жансыз денені жуындыру – айқын насихат. Өлген адамға намаз оқыңдар. Бәлкім, осылайша мұң мен қайғыны сезінерсіңдер. Себебі бүгін қайғы құшқан адам ертең Алланың панасы мен көлеңкесінде болады».
Ибн Муләйқа былай деп жеткізеді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өмірден озған жақындарыңды зиярат етіңдер, оларға сәлем беріңдер. Себебі оларда сендерге сабақ бар».
Зияраттың әдептері:
-
Алланың разлығы үшін шынайы ықыласпен ниет етіп зиярат ету;
-
Зиярат еткенде дәретпен бару;
-
Аз уақыт болса да дүние тіршілігін тастап, ақыретті ойлау;
-
Зиярат орындарында ақырын жүру, дауыс көтеріп сөйлемеу;
-
Қабір жұртына сәлем беру;
-
Қабір басында «Фатиха», «Ясин», «Мүлік», «Ықылас» сүрелерін немесе өзі білген сүрелерді оқып, сауабын марқұмға бағыштау;
-
Қабірдің үстін баспау;
-
Марқұмның жақсы қасиеттерін еске алу;
-
Зияраттан тыныш, байыпты күйде қайту.