14 ғасыр бойы сауабы үзілмей келе жатқан садақа.
Соңғы кезде әуелметтік желіде пайда болған ақпарат ол, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Осман ибн Аффанның әлі күнге дейін Сауд Арабиясының банкінде шоты ашылып тұр, шотқа түскен қаржы арқылы Мекке қаласында зәулім қонақ үйлер салынып жатыр, деген хабарламалар таралып жүр.
Шынтуайтына келгенде, Осман (р.а.) заманауи банкте шоты жоқ, деп хабарлайды Уақыптар министрлігінің өкілі Мухаммад әл-Хитри.
Осман ибн Аффан – ислам дінін қабылдаған төртінші адам және үшінші әділ халифа. Ол өте бай болған, ауқымды сауда – саттықпен айналысқан, оның басым бөлігін Алла жолында қайырымдылыққа жұмсаған, және хадистерден білуімізше ол табысының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған, және ол одан кедей болып қаламын деп қорықпаған. Оның әйгілі істерінің бірі «Раума» құдығын сатып алуы. Медина қаласындағы Тарих институтының ғылыми қызметкерінің айтуынша, Ислам діні келгенге дейін қалада «Раума» деген құдық болған, оның иесі еврей болған. Құдықта ең тұщы су бар екенін қала тұрғындарының бәрі білетін. Пайғамбардың (с.а.с.) хижрасынан кейін қала мұсылмандары Мединадағы осы құдықтың суын пайдалана бастады. Құдық иесі оның қадірін түсініп, бұл суды мұсылмандарға сата бастайды.
Мұны білген Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) бірде сахабаларынан: «Мұсылмандар тегін пайдалануы үшін бұл құдықты кім сатып алады?» деп сұрайды. Осман ибн Аффан құдық иесіне оны сатуды өтініп жүгінеді. Бірақ иесі Османның ақылды саудагер екенін және құны жоқ заттарды сатып алмайтынын білгендіктен құдықты толық сатудан бас тартып, тек жартысын ғана сатып алуды ұсынады. Сатып алу-сату шартының шарты бойынша суды бір күні еврей, екінші күні құдықты Осман пайдаланған. Осылайша Осман құдықтың жартысын 12 000 дирхамға сатып алды.
Бүгінгі күні шамамен 36 кг күміс немесе 03.08.2022 жылғы курс бойынша күмістің 1 граммы үшін 307,04 теңге есебімен 11 053 368 теңгені құрайды. Уақыт өте келе барлық Медине мұсылмандары құдыққа тек Осман күні ғана суға келе бастады, сөйтіп олар 1 келгенде 2 күннің суын алып алады, өйткені Осман яһудилер сияқты су үшін ақша алмаған. Нәтижесінде еврей тұтынушыларынан және судан түскен табысынан айырылды. Құдық иесі екінші жартысын Османға сатуды ұйғарды, бірақ басқа, арзанырақ бағаға – 8 000 дирхамға сатты. Бүгінгі бағамен 6 917 520 теңгені құрайды.
Осман құдықтың жалғыз иесі болғаннан кейін оны кеңейтіп, тереңдетіп, одан кейін Медина қаласына уақыпқа беруге шешім қабылдады. Ол үшін оның айналасындағы жерді сатып алды. Кейіннен ол құдықтың атауын өзгертіп «Осман құдығы» болып аталып кеткен.
Осман қайтыс болғаннан кейін халифаттың барлық билеушілері бұл салаға үлкен көңіл бөлді.
Осман империясы кезінде билеушілердің бірі Осман құдығының айналасына 1500 құрма ағашын отырғызған. Бүгінде құдық пен құрма бағы Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында, құдық пен бақшаны күтіп-баптаумен айналысады, ал құрма сатудан түскен қаражат Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Медина қаласындағы мешітін күтіп ұстауға жұмсалады.
Бір айта кететін жайт, Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) мешітін күтіп-ұстауға арналған бюджет тек Уақып Осман ибн Аффанның табысынан ғана қалыптаса бермейді.
Міне, Осман ибн Аффанның 1400 жылдан астам уақыт бұрын жасалған және әлі күнге дейін сауаптарын алып келе жатқан садақа-жариясы туралы әңгіме.
Осман ибн Аффан Табук шайқасы кезінде мұсылман әскерінің 1/3 дерлік бөлігін қаржыландырғаны белгілі. Осы әрекетінен кейін Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) Османның
жұмаққа лайық екенін айтты.