ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретіміздің бекіткен жоспары аясында Алматы қаласында Уақып қорының қызметін таныстыру мақсатында кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесу барысында Уақып қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы кәсіпкерлерге «Уақып және уақып жасаудың сауабы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, уақыптың исламдағы орны, оның қоғамға тигізер пайдасы мен сауаптық маңызы жайында кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді қайырымдылықтың осы ерекше түріне атсалысуға шақырып, уақыптың – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын сауап көзі екенін атап өтті.
Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, уақып жүйесін дамыту, оны қоғам игілігіне тиімді пайдалану жолдары төңірегінде ой бөлісті.
Аталған кездесу – кәсіп иелері үшін рухани серпіліс сыйлаған, ізгілікке үндеген тағылымды басқосу болды.