Шымкент қаласында Бекболат Айтжан Жанәділұлы мырза Уақыпнама алды
ҚМДБ Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты «Байғұт баба» мешітінде кәсіпкер Бекболат Айтжан Жанәділұлына Уақыпнама табысталды.
Уақыпнаманы ауданның бас имамы Ербол Қалшабек мырза салтанатты түрде табыстап, кәсіпкердің дін мен қоғам игілігіне үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.
Бекболат Айтжан Жанәділұлы – Шымкент қаласындағы ТОО «ERTEN GROUP» сервис компаниясының басшысы. Компания медициналық жабдықтарды кәсіби түрде орнату, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады.
Кәсібінің табысынан ай сайын белгілі бір бөлігін Уақып қоры арқылы қайырымдылық пен рухани жобаларға арнап отыруы — азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Уақып қоры Бекболат Айтжан Жанәділұлына шынайы алғыс білдіріп,
Алла Тағаладан кәсіпіне береке, жұмысына табыстылық, отбасына амандық тілейді.