Елордада ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қоры Астана қалалық өкілдігімен бірлесіп кәсіпкерлерге арналған «Уақып – Сарқылмас Сауап» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттары мен уақып мәдениетінің қоғамдағы орнына тоқталды. Бас мүфти кәсіпкерлердің елдің рухани дамуына қосып жүрген үлесін атап өтіп, олардың қайырымды істеріне ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында «Уақып» және «Уақыпнама» сертификаттары табысталды. Атап айтқанда: Сарман Еркебұлан Мылтықбайұлы – Алматы қаласындағы 100 шаршы метрлік бизнес нысанын уақып етті; Мусин Тлеген Теміржанұлы – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы 100 шаршы метрлік «Кафе–Магазин» нысанын уақып етті; Қор мен кәсіпкер Бижан Маратұлы арасында Fajr Fresh жобасы бойынша 50% / 50% үлестік келісім жасалды; «Zaytun Muslim Market» және «Altun Deva» кәсіпкерлері Уақыпнама сертификатын алды.
Сонымен қатар, жиын барысында наиб мүфти Ермек Мұқатай уақып ісінің қоғам алдындағы жауапкершілік және сауапты амалдар тұрғысынан маңызын атап өтіп, Уақып қорының директоры Азамат Абдикеримұлы Қор жүзеге асырып жатқан «Қазақ Құран баспасы» жобасын таныстырды.