«Зират және Зиярат мәдениеті»
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы, Түркістан облысы, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Зират және Зиярат мәдениеті» тақырыбында кең ауқымды семинар болып өтті.
«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде көтерген бастамасы аясында өткен бұл семинарға Төлеби ауданының бас имамы Ү.Саурбаев бастаған аудандағы бірқатар ауыл және қала имамдары,аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров,ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, аудандық ішкі саясат басшысы Ж.Әбдиев, қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков мен барлық кеңес мүшелері қатысып бірқатар маңызды мәселелері бойынша уағдаласты.
Өз кезегінде сөз бастаған аудан бас имамы Үсен Саурбаев «Зират және Зиярат мәдениеті» жайында маңызды мәселелерге тоқтап, ҚМДБ жанынан құрылған «Qamqor-Sharapat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылған мақсаты жайында тілге тиек етті.
Дін ұстанымы – татулық пен тұрақтылық. Асыл дініміз Ислам – күллі адамзатты түрі мен түсіне, ділі мен тіліне, ұлты мен ұлысына қарамастан, ынтымақ, бірлікке шақырып келе жатқан дін деп сөзін түйіндеді.
Көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған бұл жоба алдағы уақытта елге берер пайдасы көп деп сенім білдіреміз.