?ҚМДБ «Уақып» қорының меншігіне саяжай рәсімделді. Қарағанды қаласының іргесінде орналасқан саяжай тоқтаусыз сауап болсын деген ниетпен Ахметұлы Темірбек марқұмның атынан берілді.
✅Қызметтік сапар бойынша Қарағанды қаласына атбасын бұрған «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбай мен «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлымен кездесіп, қажетті құжаттарға қол қойды.
✅Кездесу барысында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы ҚМДБ бөлім басшыларына саяжайды таныстырды.
?Айта кетейік, саяжайда егін егуге арналған 6 сотық жер мен 2 қабатты тұрғынүй орналасқан. Алдағы уақытта, осы жерден өсіп шыққан өнімдер қайырымдылық мақсатында таратылады.