Уақып пен зекеттің айырмашылығы неде?
Шариғатымызда зекет және уақып ұғымдары бар. Уақып пен зекеттің айырмашылығы зекет – парыз, ал уақып – парыз емес, сүннет амал. Зекетте нисап мөлшері бар. Ал уақыптың белгілі бір мөлшері жоқ. Зекет жылына бір рет берілсе, уақыптың мерзімі бекітілмеген. Адамның өз еркіндегі нәрсе болғандықтан, адам өзі қалағанынша уақып етеді. Зекетке берілетін ақшаны айналымға сала алмайсыз, бірден 8 топтағы адамға таратып беруіңіз керек болады. Ал, уақыпта қаржыны айналымға салуға болады.
Ал, енді бұл айырмашылықтарға кеңінен тоқталсақ. Зекет- Исламның 5 тірегінің бірі. Зекет сөзі араб тілінде тазалық, өсіп-өну деген мағыналарды білдіреді. Жасы балиғатқа толған, мал мүлкінің мөлшері белгілі бір көлемге жеткен мұсылманның жылына бір рет мал мүлкінің қырықтан бір бөлігін мұқтаждарға беруі. Алла Тағала Өзінің Кітабында «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» деп бұйырған (Бақара, 43).
Зекеттің хикметі ол ең алдымен - мұсылманның Алла Тағалаға иман етіп, берген нығмет, мал мүлкіне шүкір еткендігінің белгісі.
Алла Тағала қасиетті Құранда:«Шүкірлік етсеңдер, (нығметімді) арттырамын,» деген.
Екінші хикметі - зекет адамды пәле жала, жамандықтардан, түрлі апаттардан сақтайды. Пайғамбарымыз (с.а.с):«Мал-мүліктеріңізді зекет берумен қорғаңдар, науқастарыңды садақа берумен емдеңдер, бәле-жалаға дұға жасаумен дайын болыңдар,»–деген.
Үшінші хикметі- жағдайы нашар, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын көтеруіне жәрдем береді.
Төртінші хикметі - адамды сараңдықтан, дүниеқоңыздық пен өзімшілдіктен сақтайды.
Бесінші хикметі - қоғамның бірлігін, татулығын сақтайды.
Алтыншы хикметі - адамды жүректілікке, табандылыққа баулиды
Зекет берушінің білуі тиіс болған әдептері бар. Олар бірінші - ықылас. Мұсылман әрдайым бұл амалды атқарар алдында Алланың разылығын қалап, сауабынан үміттенуі керек. Себебі ықылас болмаған жерде амалдар да жойылады. Тіпті салмақсыз тозаңға айналады. Ықылассыз жасалған тірлікті тесік шелекке су жинаған адамның мысалымен салыстыруға келеді. Қасықтап жинаған абырой шелектеп төгілмеуі үшін де ықылас керек. Зекет берген адамның жан дүниесі өзгеріп, өзін сондай жеңіл сезінеді. Тек ниет етіп қоймай ықыласпен берсе, онда өте үлкен рахатқа бөленеді.
Иә, жүрекпен жасалатын амалдарының ең әуелгісі – ықылас. Ол құлшылықтың өзегі. Амалдардың қабыл болуы не кері қайтарылуы да тікелей ықыласқа байланысты. Және ықылас – Хақ Тағалаға мойынсұнуда Оны бір деп білу. Ықылас қандай амалдың болса да алғышарты. Егер ол болмаса, барлық сауапты амалдан құр қалады. Ол жалғыз Алланың мейірімінен үміт ету арқылы жасалуы керек. Мүмін пенденің жүрегі ықыласқа толы болған жағдайда ол көптеген сауапқа қол жеткізеді. Атап айтқанда амалдары қабыл болады, ізгі істерді жасай алмай қалса да сауабына ие болады, күнәлары кешіріледі, пенде риядан құтылып, бүліктерден аман қалады, жүректегі уайымы сейіліп, ризығы молаяды.
Зекет берушінің білуі тиіс екінші әдебі: Әрбір мұсылманның өзіне міндет болған зекет жайлы хабардар болуы. Саналы мұсылман «Зекет деген не? Ол қандай мөлшерден шығарылады? Не нәрселерден шығарылады? Зекетті кімдерге береміз?» деген сұрақтардан хабардар болуы керек.
Зекетті кәмелет жасқа жеткен, нисап мөлшерге жеткен адам бере алады. Осы топтағыларға ол парыз. Көп адам зекет беруге тырысады. Құранда зекет 82 жерде намазбен тығыз айтылады. Ал бермеген адам үлкен күнәға қалады. Асыл дініміз исламда «Зекет» – көбею, өсу, берекет, тазару, көп нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды. Бұл ақыл есі бүтін, нисап мөлшеріне жеткен адамның беретін дүниесі.
Зекет берушінің білуі тиіс бірінші әдебі: Ықылас. Мұсылман әрдайым бұл амалды атқарар алдында Алланың разылығын қалап, сауабынан үміттенуі керек. Себебі ықылас болмаған жерде амалдар да жойылады. Тіпті салмақсыз тозаңға айналады. Ықылассыз жасалған тірлікті тесік шелекке су жинаған адамның мысалымен салыстыруға келеді. Қасықтап жинаған абырой шелектеп төгілмеуі үшін де ықылас керек. Зекет берген адамның жан дүниесі өзгеріп, өзін сондай жеңіл сезінеді. Тек ниет етіп қоймай ықыласпен берсе, онда өте үлкен рахатқа бөленеді.
Иә, жүрекпен жасалатын амалдарының ең әуелгісі – ықылас. Ол құлшылықтың өзегі. Амалдардың қабыл болуы не кері қайтарылуы да тікелей ықыласқа байланысты. Және ықылас – Хақ Тағалаға мойынсұнуда Оны бір деп білу. Ықылас қандай амалдың болса да алғышарты. Егер ол болмаса, барлық сауапты амалдан құр қалады. Ол жалғыз Алланың мейірімінен үміт ету арқылы жасалуы керек. Мүмін пенденің жүрегі ықыласқа толы болған жағдайда ол көптеген сауапқа қол жеткізеді. Атап айтқанда амалдары қабыл болады, ізгі істерді жасай алмай қалса да сауабына ие болады, күнәлары кешіріледі, пенде риядан құтылып, бүліктерден аман қалады, жүректегі уайымы сейіліп, ризығы молаяды.
Зекет берушінің білуі тиіс екінші әдебі: Әрбір мұсылманның өзіне міндет болған зекет жайлы хабардар болуы. Саналы мұсылман «Зекет деген не? Ол қандай мөлшерден шығарылады? Не нәрселерден шығарылады? Зекетті кімдерге береміз?» деген сұрақтардан хабардар болуы керек.
Зекетті кәмелет жасқа жеткен, нисап мөлшерге жеткен адам бере алады. Осы топтағыларға ол парыз. Көп адам зекет беруге тырысады. Құранда зекет 82 жерде намазбен тығыз айтылады. Ал бермеген адам үлкен күнәға қалады. Асыл дініміз исламда «Зекет» – көбею, өсу, берекет, тазару, көп нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды. Бұл ақыл есі бүтін, нисап мөлшеріне жеткен адамның беретін дүниесі.
Зекет мөлшері қанша? Нисап мөлшері дейді. Дүние белгілі бір деңгейге жеткен ғана зекет береді. Яғни 40-тан бір бөлігін немесе 2,5 пайыз беруі керек.
Теңгеге шаққанда 85 грамм алтынның құны қанша? Қарапайым тілмен айтқанда қалай түсіндіруге болады? Алтынның мөлшерімен айтсақ 85 грамм алтыныңыз болса, яғни жарты миллионнан астам ақша шығады. Соның 2,5 пайызын біз мұқтаждарға беруіміз керек.
Зекет не нәрселерден шығарылады? Зекетте 2 нәрседен береді: алтын-күміс және төрт түлік мал. Және егін, бау-бақша, пайдалы қазбалар, дәнді дақылдардан беріледі. Алтын-күмістен болса,1 жыл толуы шарт. Ал бау-бақша өнімдеріне 1 жыл толуы шарт емес. Себебі олар өсіп өнеді. Қиярды 2 рет жинауға болады, мұнайды күнде алып жатырмыз дегендей...
Зекетті кімдерге беруге болады? Зекетті 7 топтағы кісілерге беруге болады:
- Күнделікті тамағынан артылмайтын адам;
- міскін жеп ішуге күнделікті мұқтаждар;
- зекет жинаушылар;
- исламды жаңадан қабылдаған кісілерге көңілдерін жібіту үшін;
- қарызға батқан кісілерге;(банктен қарыз алғандарға зекет берілмейді)
- Алла жолында ілім алушыларға;
- жолда қалғандарға беріледі.
Әнәс ибн Мәликтен (оған Алла разы болсын) Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «... Кім мұсылман бауырына көмектессе, сол уақытта оған Алла көмектеседі. Ал кім бауырының мәселесін шешсе, Қиямет күні Алла оның мәселесін шешеді » - деген.
Зекет берудің үшінші әдебі: Парыз болған зекетті уақытынан кешіктірмеу. Егер сіздің жиған мүлкіңіздің мөлшері 85 грамм алтынға жетсе, әрі ол 1 жыл бойы сол қалпында азаймай тұрса, міндетті түрде зекет беру керек. Зекет шығаруды себепсіз кейінге қалдыру немесе бермеу Алланың ашуына ұшыратады. Сол үшін зекетті дер кезінде берген абзал.
Зекет берудің төртінші әдебі: Зекетті садақадан бұрын беру.
Зекет пен садақа бір-біріне ұқсас амалдар. Екеуі де мал дүниеден, қалтадағы ақшадан шығарылады. Айырмашылығы садақа беру үшін қолымызда азын-аулақ ақшаның болғаны жеткілікті. Ал зекет жағдайы келген мұсылманға ғана парыз. Әл ауқаты жеткен жылына бір рет қана береді.
Лағынеті шайтан адамды «Зекет берсең, кедейленіп, аш-жалаңаш қаласың» деп азғырады. Шындығында, зекет – малымыздың азаюына емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп болады.
Зекет берудің бесінші әдебі: зекетті зекет шығарылатын белгілі мал-дүниелерден ғана шығару. Яғни, зекет қойдан қойдай, сиырдан сиырдай ал ақшадан ақшалай шығарылады деген сөз. Ал мөлшеріне келсек, зекетті 4 түліктен береміз. Қойдың зекеті 40 бас. Біреуде 40 қой болса, соның бірін беру керек. Сиыр 30 бас болса, 1 тана не құнажын беру керек. Түйе 5 басқа жетсе, 1 қой беру керек.
Зекет берудің алтыншы әдебі: Зекетті жағдайы төмен, қаржыға мұқтаж туған-туыстардан бастау. Зекет беруді туысқандардан болған жағдайы нашар кісілерден бастаған абзал. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Міскінге берілген дүние 1 садақа болса, туысқанға берілген дүние 2 садақа, ал садақа туыстық қарым-қатынас» - деген.
Зекет берудің жетінші әдебі: Зекет берген соң оған міндетсінбеу. Зекет бергенде міндетсінсе, ол тәкәппарлық болады. Хадисте малдарыңды зекет берумен қорғаңдар деген.
«Мал-дүниелерін Алла жолында жұмсап, кейін бергендеріне міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы – олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» ("Бақара" сүресі, 262-аят).
Зекет берудің әдептеріне тоқталсақ бұл ең алдымен ниетке байланысты. Зекет ең адал табыстан берілуі керек. Ниеті түзу, табысы адал, үшіншіден бергені үшін міндетсінбеуі керек.
Зекеттің парыз болуының алты шарты бар:
1) Мұсылман болу.
2) Балиғатқа толған болу.
3) Ақыл-есі кірген болу.
4) Еркін болу.
5) «Зекет нисабы» мөлшерінде халал зекет мүлкіне ие болу.
6) Қолындағы мал-мүлкі қажеттілігінен және қарызынан көп болу.
Нисап дегеніміз – зекетті парыз ететін белгілі бір мал мүлік мөлшері. Шариғатта бекітілген нисап мөлшерлері:
- Алтында: жиырма динар, яғни, 85 грамм.
- Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 грамм.
- Түйеде: бес.
- Сиырда: отыз.
- Қой мен ешкіде: қырық.
- Сауда заттарында: 85 грамм алтын немесе 595 грамм күмістің құнына тең болса.
- Ақшада: 85 грамм алтын немесе 595 грамм күмістің құнына тең болса.
- Бау-бақша және егіс өнімдері.
Уақып
Уақып(وقف)– арабша сөз болып, сөздікте «қамау, тоқтату, кедергі болу» дегенмағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы мәні – өзіне тиесілі бір мүлікті Алла разылығы үшін халықтың игілігіне беру, жақсылыққа жарату, өз иелігін тоқтатудегенді білдіреді. Дінімізде кейбір фиқһ ғалымдары уақып сөзінің орнына «ахбас” терминін қолданған. Ахбас сөзі уақып сөзімен бір мағынада қолданылатын сөз.
Уақып ислам дінінде қайырымдылық атаулының ең ізгі, ең құрметтісі саналады. Сахабалар өз дәуірінде бар мал-мүлік, жиған қаражатын халықтың игілігі жолында, Алланың разылығын алу мақсатында сарп ететін болған. Бұл қоғамдағы жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктерді тұрмыс тауқыметінен құтқарса, уақып жасаушы жанды мол сауапқа кенелткен.
Уақып – жерінің, мекемесінің, үйінің пайдасын халыққа беріп, сауабын Алладан үміт етіп, Алланың мүлкі қылу(бұдан кейін оған ешкім иелік ете алмайды).Уақып етілген нәрсе басқа адамның мүлкіне өтпейді, мирасқа да қалмайды тек қияметтке дейін Алланың мүлкі болып қала бермек. Хазіреті Омара Хайбар деген жерден бір жер иелігіне өтеді.
Пайғамбарымызға келіп(с.а.у):
«Ия, Алланың елшісі! Мен осы уақытта дейін бұндай мүлікке қол жеткізбедім. Не істейін бұл жерді»,-деп сұрады. Сол уақытта Пайғамбарымыз(с.а.у):
«Қаласаң өзіңде қалсын, қаласаң оны садақа (уақыф) қыл»,-деп әмір етеді. Осы сөзден кейін х.з Омар ол жердің сатылмауын, сыйлыққа берілмеуін, біреудің мүлкіне өтпеуін шарт қосып, міскіндер мен жолаушылардың пайдалануын әмір етті.
Жамбыл облысы, орталық
«Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы
Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы