Әбу Ханифадан басқа Ханафи ғалымдарының және Ислам құқықшыларының көпшілігінің пікірлерінше уақып мәндуп сүннет болып есептеледі [1]. Яғни, шариғат бойынша істелуі ұнамды болған және Аллаға жақындататын іс. Уақыпқа Құран мен сүннет және ижмағ (Ислам ғұламаларының көпшілігінің мақұлдауы) дәлел бола алады. Құранда мұсылмандардың малдарын қалай жұмсалуы керектігі бүге шігесіне дейін баяндалған. Дәл уақыпқа байланысты Құранда ешқандай аят жоқ болғанымен оған ишарат жасайтын, мүлікті Алла жолында уақып етуге нұсқайтын әрі уақып құрудың қажетті нәрсе екенін дәлелдейтін аяттар бар:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنفِقُوا مِن طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ الْأَرْضِ ۖ
«Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» [2] деп, ескерткен.
Алла Tағала басқа бір аятта былай дейді:
لَن تَنَالُواْ الْبِرَّ حَتَّى تُنفِقُواْ مِمَّا تُحِبُّونَ وَمَا تُنفِقُواْ مِن شَيْءٍ فَإِنَّ اللّهَ بِهِ عَلِيمٌ
«Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады» [3], деген.
Сахабалардың ішінде Әбу Талха (р.а) (қайтыс болған жылы 34/654) осы аят түскен кезде: «Раббымыз біздің байлықтарымыздан өзінің жолында сарп етуімізді қалап тұрғандай. Уа, Алланың елшісі, қатты жақсы көретін «Байруха» атты жерімді Алланың жолында садақа еткім келіп тұр» деген болатын. Содан кейін Пайғамбарымыз ﷺ оған «ең жақын туыстарыңа бер» деген соң Әбу Талха (р.а) көкесінің ұлдарына және басқа да туыстарына жерін садақа етеді [4]. Алла разылығы үшін шын ниетпен берілген садақаның қайтарымын Алла еселеп береді. Бұған қатысты Алла Tағала:
مَّثَلُ الَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ كَمَثَلِ حَبَّةٍ أَنبَتَتْ سَبْعَ سَنَابِلَ فِي كُلِّ سُنبُلَةٍ مِّائَةُ حَبَّةٍ ۗ وَاللَّهُ يُضَاعِفُ لِمَن يَشَاءُ ۗ
«Алла жолында мал-мүлкін садақа қылғандар жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді»[5] деп, Алла жолында жасалған садақаның еселеп сауап болып қайтатынын баяндайды.
Басқа аятта:
مَن جَاء بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا
«Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» [6], деген.
Садақ беру арқылы адам Алланың ашуынан алыс болады. Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде:
وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِىَ اللّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ للّهِ صَلَّي اللّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الصَّدَقَةُ تُطْفِئُ غَضَبَ الرَّبِّ وَتَدْفَعُ مِيتَةَ السُّوءِ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят бойынша: «Алланың Елшісі ﷺ былай дейді: «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» [7], деп, Алла жолында садақа берудің сауабын айтып өткен.
Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша төмендегі аят:
وَمَا أَنفَقْتُم مِّن شَيْءٍ فَهُوَ يُخْلِفُهُ وَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ ...
Алла жолында берген нәпақаларыңның есесін Алла толтырады» [8].
Уақып Алла жолында жасалатын жақсылықтардың бірі. Сондықтан тәпсіршілердің көпшілігі [9] және хадисшілер [10] жоғарыдағы аятта уақыпты меңзеп тұр деген.
Сонымен қатар уақыпқа дәлел бола алатын бірнеше хадистер де бар:
وعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم قَالَ:"إِذَا مَاتَ الْإِنْسَانُ انْقَطَعَ عَنْهُ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثَةٍ؛ إِلَّا مِنْ صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ".
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ айтты: « Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: Жария берілген садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салихалы ұрпақ» [11]. «Адамдар қайтыс болған кезінде бүкіл амалдары тоқтатылады. Бірақ үш амалдың сауабы тоқтамайды. Олар: жалғасын тапқан садақа, пайдалы ілім және артынан дұға ететін салиқалы ұрпақ» [12]. Бұл хадистегі үш амалдың сауабы тоқтатылмайтындығының айтылуымен уақыптың мәндүп амал екендігін көрсетіп тұр. Хадистегі «жария садақа» уақыптан басқа нәрсені меңзеп тұрған жоқ. Егер оның басқа да мағынасы болса уақып та сол мағыналардың ішіне кірер еді [13].
Басқа бір хадисте Ибн Омар(р.а) былай деп риуаят етеді: «Омар ибн Хаттаб (р.а) Хайбар соғысында бір жерді иемденеді. Бір күні осы жер хақында кеңесу үшін пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Алланың елшісі ﷺ, мен Хайбар соғысында бір жерді меншігіме алдым және ондай байлыққа бұған дейін ие болмадым. Бұл жер хақында маған қандай әмір бересің?», деп сұрайды. Пайғамбарымыз ﷺ болса: «Егер қаласаң ол жерді уақып қыл да одан түскен пайданы садақа қылып отыр», деп кеңес береді. Омар(р.а) содан кейін ол жерді ешкімге сатыла алмайтын, мирасқа да қала алмайтын қылып садақа қылды. Одан түскен пайдалары болса кедейлерге, өзін құлдықтан құтқарғысы келгендерге, Алла жолындағы жақсылықтарға, жолаушыларға, басқа қаладан келген қонақ меймандарға садақа қылып беріп отырды. Ал ол істі мойнына алған яғни пайданы жинап отыратын кісінің сол кездегі жағдайға сәйкес ішіп жемі мен жанында тағы бір кісінің ішіп жеуіне уақыптан ақша бөлінді»[14].
Жоғарыдағы аят пен хадистерде уақып қылудың Аллаға ұнамды болған амал екендігі ашық түрде баяндалып отыр.
Жәбір(р.а) атты сахаба: «Алла расулының ﷺ сахабаларының ішінде мал мүлкін уақып қылмаған ешкім болмаған» [15] деген. Ал жоғарыдағы хадистегі Омардың(р.а) өз меншігіндегі жерін уақып қылуын Ислам ғұламалары «Ислам тарихындағы ең алғаш уақып» деп санаған [16].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ибн Абидин, Мухаммад ибн Әмин ибн Омар ибн Абдулазиз, Раддул Мухтар ғалад Дуррил Мухтар, 1-12, Дәрул Кутубил илмия, Бәйрут, 1994, 6,520. Әбу Мухаммад Абдулла ибн Абдурахман Әбу Зәйд Әл Кайрауани, Ән Нәуәдир уәз Зиадат, 1-15, Дәрул Ғарибул Ислами, Бәйрут, 1999, 12, 5.Әбул Хамит Мухаммад ибн Мухаммад Әл Ғазали, Әл уасит фил мазхаб, 1-7, Дәрус салам , 1997,4,237. Ибн Қудама, Муафақуддин Әбу Мухаммад ибн Абдулла, Әл Муғни, 1-15, Дәрул аламул кутуб, Рияд, 1997, 8,184.
2. Бақара, 2/267.
3. Әли Имран сүресі, 92-аят.
4. Муслим Ибн Хажжаж Әл Қушайри, Әл жамиул сахих, Истанбул, 1992, Зекет, 14, 42. Ахмад ибн Ханбал, Муснад, Истанбул, 1992,3,149.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ибн Абидин, Мухаммад ибн Әмин ибн Омар ибн Абдулазиз, Раддул Мухтар ғалад Дуррил Мухтар, 1-12, Дәрул Кутубил илмия, Бәйрут, 1994, 6,520. Әбу Мухаммад Абдулла ибн Абдурахман Әбу Зәйд Әл Кайрауани, Ән Нәуәдир уәз Зиадат, 1-15, Дәрул Ғарибул Ислами, Бәйрут, 1999, 12, 5.Әбул Хамит Мухаммад ибн Мухаммад Әл Ғазали, Әл уасит фил мазхаб, 1-7, Дәрус салам , 1997,4,237. Ибн Қудама, Муафақуддин Әбу Мухаммад ибн Абдулла, Әл Муғни, 1-15, Дәрул аламул кутуб, Рияд, 1997, 8,184.
2. Бақара, 2/267.
3. Әли Имран сүресі, 92-аят.
4. Муслим Ибн Хажжаж Әл Қушайри, Әл жамиул сахих, Истанбул, 1992, Зекет, 14, 42. Ахмад ибн Ханбал, Муснад, Истанбул, 1992,3,149.
5. Бақара сүресі, 261-аят.
6. Әнғам сүресі, 160-аят.
7. Тирмизи хадистер жинағы
8. Сәбә сүресі, 39-аят.
9. Әбу Жағфар Мухаммад ибн Жәрир Әт Табари, Жамиул баян ан тәфсири Айил Құран, 1-16
10. Бұқари, Әл жамиул сахих, Истанбул, 1992, Зекет, 44, Уәкәлә, 15, Уәсая, 17-26. Муслим, Зекет, 14,42. Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 3,149. Иахия ибн Шараф Нәуәуи, Сахихил Муслим би шархин Нәуәуи, 1926, 7,84.
9. Әбу Жағфар Мухаммад ибн Жәрир Әт Табари, Жамиул баян ан тәфсири Айил Құран, 1-16
10. Бұқари, Әл жамиул сахих, Истанбул, 1992, Зекет, 44, Уәкәлә, 15, Уәсая, 17-26. Муслим, Зекет, 14,42. Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 3,149. Иахия ибн Шараф Нәуәуи, Сахихил Муслим би шархин Нәуәуи, 1926, 7,84.
11. Муслим хадистер жинағы
12. Муслим, Уәсаят , 15. Бұқари, Әдәбул муфрад, 18,14. Әбу Дәуіт, Сунәнул Әбу Дәуіт, Истанбул, 1992, Уәсая, 14.
13. Елмалылы Хамды Иазар, Ахкамул Ауқаф, (аударған доктор Назиф Өзтүрік, Анкара, 1995,119-120.
14. Бұқари, Уәсая, 22. Муслим, Уәсаят, 15.
15. Ибн Қудама, (Аты аталған еңбек) 8,185.
15. Ибн Қудама, (Аты аталған еңбек) 8,185.
16. Абдулла ибн Абдурахман Әл Бәссәм, Таузихул ахкам мин Булуғил марам, 1-7, Мәктәбәтул Әсәди, Мекке, 2003,5,102.