Қабір зияраты кезінде марқұмдарға сәлем беріледі. Өйткені қабір иелері сәлемді естиді.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың Елшісі (с.а.с.): «Қандай да бір пенде өзі танитын кісінің қабірінің жанынан өтіп бара жатып оған сәлем берсе, ол оған сәлем қайтарады», - деген (Ибн Асакир риуаяты).
Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне қабір жұртымен тірі адамдарға сәлем бергендей сәлемдесуді үйреткен. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Бақиғ қорымын зиярат етіп: «Сәлем сендерге, уа, мүмін қауым жұрты! Біздер де, Алла қаласа, сіздерге қосылармыз. Алладан өзіміз де, сіздерге де есендік тілеймін», - деп сәлем беріп, дұға еткен.

Сүлеймен ибн Бурәйданың әкесінен жеткізген риуаятында әкесі былай дейді: «Алланың Елшісі (с.а.с.) қорымға шыққанда, сахабаларына «Мүмін – мұсылмандардың жұртына сәлем! Ин Шаа Алла, біз де арттарыңнан барармыз. Сендер біздің алдымыздасыңдар, ал біз сендерге ілесушіміз. Алладан бізге де, сізге де есендік тілейміз», - деп айтуды үйрететін» (Ибн Хиббан риуаяты).