Мейрімді, рахымды Алланың атымен! Барлық мақтау – мадақ Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Жаратушы иеміз адам баласына денсаулығын, дене мүшесін аманат еткен. Сол себепті ағзаларына өз қалауларымен зиян тигізуге болмайды. Себебі, өз ағзасына зиян келтіргені үшін қияметте жауап береді.
Алла Тағала Құранда: «Өздеріңді өздерің қауіп – қатерге итермелемеңдер...» - деп бұйырады [1].
Егер де науқас адам дәрігерден жанына қол жұмсауын талап етсе, онда ол өзін өлтіргенмен тең. Ол – үлкен күнә. Сонымен қатар, дәрігердің өзі хал үстінде жатқан адамның қиналғанын қаламай, одан да өлгені артық деп, өмірін қиса, жазықсыз өлтірген болады. Алла Тағала Құранда: «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы – жаһаннам және ол онда мәңгі қалады. Алланың қаһары мен қарғысына ұшырайды. Сондай – ақ Құдайы оған ауыр азап дайындайды» [2].
Сол себепті, дәрігер өзін өлтіруге рұқсат беріп жатқан науқастың талабын орындамауы керек. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Алланың харам еткен нәрселеріне (бұйырып жатса) пенде бойұсынылмайды» деген ескертуін дәрігерлер білуі тиіс.
Шариғат бойынша мұсылман адам баласы қайтыс болғаннан кейін мынандай діни рәсімдер мен үкімдер жасалады: мәйітті жуу, кебіндеу, жаназа оқу, жерлеу, қарызын өтеу, өсиетін орындау, жесір қалған әйелі идда мерзімін күту т.б. Осы аталып кеткен үкімдерді орындау үшін адамның өліп – өлмегені қалай анықталады? Ертеректе адамдар өлімді сыртқы бейнелерінен (жүрек қағысынан, тыныс алуынан, қимылдарынан) білетін еді. Бүгінгі таңда медицина мен техника дамыған заманда кей жағдайларда жүрек соғысымен тыныс алуын қайта қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болып отыр. Бірақ ми жұмыс істеуін тоқтатса, оны қайта жанжандыру мүмкін емес [3]. Ми істен шыққан жағдайда қалған ағзалар да бірте – бірте өледі.

Пайдаланған әдебиеттер:
- «Бақара» сүресі, 195 – аят.
- «Ниса» сүресі, 93 – аят.
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.