«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев және «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы «Әулие ата» мешіті жанынан салынған мамандарға арналған қызметтік үйде болып қайтты.
Жалпы, Жамбыл облысы бойынша «Уақып» қорына қарасты 37 қызметтік үй, 3 көпір, 16 құдық, 63 асхана қолданысқа берілген.
Бүгінгі таңдағы аталған ғимарттардың жұмысы мен қызметкерлерге жасалған жағдай турасында «Уақып» қорының Жамбыл облысындағы жауапты маманы Ержан Аманбаев таныстырып өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі