Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев мен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы cеминар өткізді.
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев мамандарды Тараз қаласының имамдарына таныстырып, аталған бағыт негізінде жұмыс жүргізудің қажеттілігі мен маңызына тоқталды.
Алғашқы жиын имамдарға арналған семинардан басталды. Уақыптың пайда болуы, пайдалары, уақыпты дамыту жолдары түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар қазіргі таңда «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жұмыстарын жандандыру мәселесі қарастырылды.