Жаңаөзен маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің ауласынан арнайы құдық қазылып жатыр.
«Жергілікті жамағаттың қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл жоба уақып ретінде тіркелетін болады. Бұл құдықтан алынған су мешіт жанында егілген бақшаны суаруға және құлшылық үйінің қажеттілігі үшін пайдаланылатын болады», - деді мешіт имамы Мангалбай Шахабуддин.
Өздеріңізге мәлім, уақып садақасының сауабы сарқылмайды және адам баласы өмірден өткеннен кейін де артынан (сауабы) барып тұрады. 14 ғасыр бойы сауабы әлі күнге дейін үзілмей келе жатқан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Осман ибн Аффанның «уақып» садақасы бар және ол Медина қаласында орналасқан. Осман (р.а.) бұл құдықты яһудиден қомақты сомаға сатып алып, мұсылмандарға сол құдықтан суды тегін алыға рұқсат берген.
Алланың үйіне қызмет ету үшін арнайы қазылып жатқан құдық ғасырлар бойы сансыз сауап әкеледі деп тілейміз!

