ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бекіткен жылдық жоспары аясында , Діни басқарма жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы “Мұнара ТВ” телеарнасының подкастына қонақ болып, мазмұнды сұхбат берді.
Подкаст барысында «Уақып» қорының негізгі мақсат-міндеттері, еліміздегі қайырымдылық мәдениетін дамыту, әлеуметтік жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Азамат Әбдікерімұлы қор жұмысының бағыттарына тоқталып, уақыптың исламдағы орны мен маңызына ерекше назар аударды. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалар заманында, ата-бабаларымыздың уақытында жасалған уақыптардан мысалдар келтіріліп, ғибратты оқиғаларға тоқталды.
Сұхбатқа сонымен қатар Ақтөбе облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешітінің наиб имамдары Жексенбай Торбаев және Нұрбол Смағұлов қатысып, келген қонақпен бірқатар маңызды сауалдардың төңірегінде әңгіме өрбітті.
Айта кетейік, мұндай мазмұнды кездесулер мен сұхбаттар қоғамда ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын арттыруға, сондай-ақ «Уақып» қорының қызметін кеңінен танытуға оң әсерін тигізеді.