ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры директоры Азамат Абдикеримұлының қатысуымен және Астана қаласы бойынша қор өкілі Нұрбол Оразбайдың ұйымдастыруымен «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтында білім алып жатқан шәкірттер мен асыраушысынан айырылған, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге бір айға жеткілікті азық-түлік себеттері табысталды.
Игі шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған қордың Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай:
«Алланың қалауымен және демеуші азаматтардың қолдауымен қайырымдылық шараларын тұрақты түрде жалғастырып келеміз. Біздің мақсат – тек материалдық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар жастарға рухани демеу беріп, оларды шынайы жанашырлықпен қолдау», – деп атап өтті.
Жомарт жандардың қолдауымен жүзеге асқан бұл сауапты іске ризашылық білдіріліп, жас буынның болашағына бейжай қарамай, жүректен шыққан ізгі амалдарымен үлгі болған азаматтарға ел-жұрт алғысын жеткізді.
Алла Тағала демеуші жандардың әрбір сауапты амалын қабыл етіп, шәкірттердің іліміне береке, жас жеткіншектердің болашағына нұр жаудырсын! Жақсылықта жарысатындар көбейе бергей!