Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің, ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорын дамыту мақсатындағы тапсырмаларына сәйкес қор директоры Азамат Әбдікерімұлы және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлының қатысуымен Алматы қаласында «Ислам қаржысы тәжірибеде» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге ислам қаржысы саласының PhD докторлық дәрежесіне ие маман, шейх АбдульБари Миш’аль мырза қатысты , Шейх АҚШ, Таяу Шығыс елдері, Малайзия және өзге де 20-дан астам мемлекетте уақып ісі мен ислам қаржысы мәселелері бойынша кеңесшілік қызмет атқарып жүрген халықаралық деңгейдегі сарапшы.
Басқосу барысында уақып қорының даму бағыттары, ислам қаржы құралдарын тиімді қолдану тетіктері және халықаралық тәжірибені енгізу мәселелері талқыланды. Қор директоры Азамат қажы Әбдікерімұлы мен шейх АбдульБари Миш’аль мырза Қазақстандағы уақып жүйесінің қазіргі ахуалы мен оны жетілдіру жолдары жөнінде пікір алмасты.
Кездесу нәтижесінде уақып институтын дамыту және ислам қаржы механизмдерін тәжірибеде қолдану бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.