Павлодар қаласының тұрғындары діни білім беру ісіне үлес қосып, әрқайсысының құны 500 000 теңге болатын 6 дана интерактивті тақтаны уақып етті.
Аталған игі іске барлығы 3 000 000 (үш миллион) теңге қаражат жұмсалды. Заманауи оқу құралдары «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығына, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-коллежіне, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ерлер және әйелдер сыныптарына, сондай-ақ «Ақмешіт» мешітінің әйел-қыздар сыныбына табысталды.
ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бұл қайырымды іске қатысқан барша азаматқа шынайы алғыс айтады. Мұндай игі қадам шәкірттердің сапалы білім алуына мүмкіндік беріп, оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеруге үлес қосады. Барша демеуші жандарға Алла разы болсын, амандық, береке мен сауапты амал тілейміз!