ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР, ҰСТАЗ МҰХАММЕДЖАН ЕСТЕМІРОВ УАҚЫПНАМА АЛДЫ
Шымкент қаласында ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмыс жоспары бойынша «Уақып - сарқылмас қазына» атты кәсіпкерлерге арналған BUSINESS LUNCH шарасы аясында елге кең танымал, ұлағатты ұстаз, қаламгер Мұхаммеджан Жамантайұлы Естеміровке Уақыпнама ресми түрде табысталды.
Уақыпнаманы ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы салтанатты түрде табыстады
Мұхаммеджан ұстаз - соңғы жылдары қазақ жұртына тағылымды еңбектерді сыйлаған танымал баспагер. Оның «Намаз оқып үйренейік», «Бесін уағызы», «Мұхтасар», «Наурызнама» және басқа да көптеген кітаптары оқырман жүрегінен орын алған.
Ұстаз осы еңбектердің сатылымынан түскен пайданың белгілі бір бөлігін тұрақты түрде Уақып қорына арнап, дін мен қоғам игілігі жолында үлгі боларлық ізгі амал жасап келеді.
Алла Тағала Мұхамеджан Жамантайұлының ұстазымыздың еңбегіне мол сауап жазып, іліміне нұр, қадамына береке нәсіп етсін!
Ел руханиятына қызмет еткен еңбегі еселене берсін!