«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫ УАҚЫП ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының жұмыс бағыты аясында Астана қаласының Бас имамы Ерболат қажы Нұрылдаұлы бастаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері қор кеңсесіне арнайы зиярат жасады.
Кездесу барысында Қор директоры Азамат Әбдікерімұлы қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан негізгі жобаларды таныстырып, алдағы жоспарлар мен стратегиялық бағыттарды жан-жақты баяндады. Уақып мәдениетін жандандыру, қайырымдылықтың тұрақты жүйесін қалыптастыру және елдегі жасалатын игі істерді жүйелеу – қор қызметінің басты мақсаты екені атап өтілді.
Зиярат барысында мешіт ұжымы Уақып қорының жұмысына сәттілік тілеп, қызметтік қажеттілікке арналған арнайы жиһазды сыйға тартты.
Соңында Бас имам Ерболат қажы Нұрылдаұлы Уақып қорының ұжымына игілік пен берекет тіеп, дұға жасады