Шымкентте “Уақып – Сарқылмас Қазына” атты Business Lunch өтті
ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының жұмыс жоспары аясында,
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен
Шымкент қаласы өкілдігінде “Уақып – Сарқылмас Қазына” атты Business Lunch ұйымдастырылды.
Іс-шара қасиетті Құран оқумен басталып, Шымкент қаласының өкіл имамы
Бақдаулет қажы Нұрматұлы сөз сөйлеп, уақыптың шариғаттағы орны мен қоғам үшін маңызын атап өтті.
Бағдарламаның келесі бөлімінде
ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қоры директорының орынбасары
Әли Анарқұлұлы уақып және уақыпнама ұғымдарын кеңінен түсіндіріп,
уақыптың қазіргі экономикалық жүйедегі қызметін жан-жақты баяндады.
ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының директоры
Азамат Абдикеримұлы “Қазақ Құран баспасының” ғылыми зерттеу жұмыстары,
мәтіндік тексеріс және алдағы баспаға дайындық кезеңдері туралы арнайы презентация ұсынды.
Іс-шара барысында Уақып қорының белсенді қолдаушылары марапатталды.
Атап айтқанда, кәсіпкер Алдаберген Бекәділұлына
қор жұмысына қосқан үлесі үшін Азамат Абдикеримұлы атынан Алғыс хат табысталды.
Сонымен қатар игілікті бастаманы қолдауға ниет білдірген кәсіпкерлерге
уақыпнама сертификаттары табысталды.
Атап айтқанда, діни еңбектердің авторы әрі баспагер Мұхаммеджан Естемиров,
сондай-ақ кәсіпкерлер Тажиев Айбек Жұмабайұлы, Жолдасов Асан Алтынбекұлы,
Қуаныш Бақытұлы және «Әдемі» кулинарлық тағамдар желісінің иесі
Құтынбетов Нұрдаулет т.б кәсіпкерлер өз табысының белгілі бір бөлігін тұрақты түрде уақып ісіне арнайтынын мәлімдеп,
қордың игі жұмыстарына ресми түрде қосылды.
“Уақып – Сарқылмас Қазына” Business Lunch — кәсіпкерлер мен жамағатты ортақ мақсатқа жұмылдырып,
қоғамдағы қайырымдылық мәдениетін жаңа деңгейге көтерген берекелі жиын болды.
Бұл кездесуде басталған игі ниеттер мен уақып жолындағы серіктестік
елімізде рухани тұрақтылықтың нығаюына, қайырымдылықтың жүйелі түрде дамуына жол ашады.