Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 8 қазан күні Алматы қаласында «Уақып – сарқылмас сауап» атты республикалық форум өтеді.
Іс-шараның мақсаты – уақып мәдениетін дамыту, қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ дін мен қоғамның өзара ықпалдастығын арттыру болып табылады.
Форумға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, исламдық қаржы магистрі Мұрат Қылышбай, танымал ұстаздар Арман Қуанышбаев, Ерлан Ақатаев және Дастан Құрманбаев спикер ретінде қатысады. Сондай-ақ жиынға кәсіпкерлер мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері және дін жанашырлары қатысады.
Форум 8 қазан күні сағат 18:00–20:00 аралығында Алматы қаласындағы «Қазақстан Қонақ Үйі» (Grand Ballroom залы) мекенжайында жабық форматта өтеді.