Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне қатысты бір шама жұмыстар атқарылуда.
2025 жылғы Құрбан айт – Уақып қоры үшін үлкен тәжірибе, келесі жылға нақты қадам болады
2025 жылғы Құрбан айт мерекесі ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры үшін тек қайырымдылық шарасы емес, сондай-ақ ұйымдастырушылық пен сараптамалық тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік болмақ.
Уақып қорының директоры Азамат Әбдікерімұлының айтуынша, биылғы Құрбан айтта өңірлерде шалынатын құрбандық малдарының нақты саны анықталып, осы мәліметтер арқылы келесі жылға дайындық жұмыстары басталып кетеді.
⸻
Алдағы басым бағыттар:
- Қасапханаларда қажетті сыйымдылықты саралап, өңірлерге заман талабына сай жабдықталған ғимарат үлгілері әзірленеді;
- Қызметін тұрақты түрде атқаратын қасапшылар құрбандыққа шалынатын мал санына сәйкес, алдын ала аттестациядан өткізіліп, дайындалады;
- Құрбан айт қарсаңында құрбандық малдарының бағасы күрт қымбаттап кетпеуі үшін алдын ала шаралар қабылданады;
- Шалғайдағы шаруалармен байланыс орнатылып, мал басы алдын ала келісіммен дайындап қойылады;
- Әр өңірдің сұранысына сай нақты жобалар жасалып, жүзеге асырылады.
⸻
«Биылғы Құрбан айт – келер жылға дайындықтың бастауы. Жиналған тәжірибе негізінде жүйелі жоспар құрылып, халыққа тиімді әрі сапалы қызмет көрсетілетін болады», – дейді Уақып қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы.
⸻
УАҚЫП КОРПОРАТИВТІК ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ
@waqf.kz
@waqf.biznes