Жүзіңізде нұр болады...
Бес уақыт намаз оқитын адамға қарасаңыз, оның бойында басқаша бір ерекшелік, жүзінде нұр болады.
Ол - нұр, дүниенің мал - мүлкінің бәрін берсеңіз де табылмайды, тек Алла ғана беретін нұр.
Өйткені, Алла Тағала Фатх сүресінде:
"Олардың жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар",- деп айтқан.
Сондықтан, рүкіғ - сәжде жасаған сайын жүзіңізге сол нұр қалады.
Сол нұрға бөленгеннен кейін алдыңызда Раббыңыз ғана болады.
Жайнамаз жайғаннан кейін, пендешілік ойларыңыз, дүниелік жағдайыңыз қалмайды.
Сол сәтте жайнамазыңыз таза, киіміңіз таза, тіпті іш киіміңіз де таза, дәретіңіз толық болса, Алла Тағала тарапына жүзіңізді бұрып тұрсаңыз, бұл мақамға, бұл дәрежеге күштілер де жетісе алмайды.
Бұл дәрежені Алла Тағала қалаған пендесіне ғана береді.
Алла баршамызды сол нұрына бөлесін!
Қуат Қабдолда
НҰР-МҮБАРАК университетінің докторанты

