Орал қаласына іргелес орналасқан Подстепный кентіндегі мешітке жамағаттың қолдауымен заманауи медиа студия уақып етілді.
Жаңа студия мешіттің ағартушылық және насихат жұмыстарын дамытуға бағытталған. Мұнда діни-танымдық бейнероликтер, подкасттар, сұхбаттар мен уағыз-насихат бағдарламалары әзірленіп, көпшілікке пайдалы рухани контент ұсынылатын болады.
Мешіт ұжымы медиа студияны уақып еткен азаматтарға ризашылығын білдіреді. Алла Тағала жасаған қайырлы амалдарын қабыл етіп, дүниелері мен ұрпақтарына береке нәсіп етсін!