Жамбыл облысы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Мәдімар ауылдық әкімдігінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында уақыптың мәні мен маңызы түсіндіріліп, оның қоғам мен жеке адам үшін сауапты әрі игі амал екені атап өтілді. Сондай-ақ Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың ﷺ хадистері негізінде уақып жасаудың артықшылығы баяндалды.
Жиын соңында жамағат игі істерге белсенді қатысып, уақып мәдениетін дамытуға үлес қосуға шақырылды.