ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бекіткен жылдық жоспары аясында , Діни басқарма жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітіне қызметтік мақсаттағы су жаңа Chevrolet Cobalt автокөлігінің сертификатын табыстап, уақып жасады.
Салтанатты сәтте ауданның бас имамы Мұхаммедисмаил Шадманға көлік кілті табысталып, оның алдағы діни қызметіне береке мен табыс тілінді. Бұл автокөлік мешіт қызметін жандандыруға, әсіресе аудан көлеміндегі ауыл-аймақтарға діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі жүргізуге, түрлі қайырымдылық шараларды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар, аталған игі іске демеушілік жасап, автокөлікті уақып ретінде сыйға тартқан ақтөбелік жомарт кәсіпкерлерге облыстың бас имамы Амантай Садиев ерекше алғыс білдірді.