Ақтөбе қаласында орналасқан «Руханият» мұсылман тауарлары дүкенінің иесі Ақыл мырза игі ниетпен уақыпнама алды.
Уақыпнаманы ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы ресми түрде табыстады.
Ақыл мырза Алла жолындағы сауапты іске үлес қосу мақсатында өз кәсібінен түсетін табыстың бір бөлігін ай сайын Уақып қорына тұрақты түрде аударып отыруға ниет білдірді. Бұл – сауабы үзілмей жалғасатын жария садақаның көркем үлгісі, қоғам игілігіне бағытталған ізгі қадам.
Осы сауапты бастамасы үшін Уақып қоры Ақыл мырзаға шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған амалын қабыл етіп, кәсібіне береке, табысына молшылық, отбасына амандық пен тыныштық нәсіп етсін!