Алматы қаласында Ержан Базарбекұлы Kia автокөлігін дін жолына қызмет ету мақсатында уақып етті.
Айта кетейік, Есім Ержан қажы – Ислам жолында қызмет етіп жүрген білікті имамдардың бірі. Халыққа уақыптың мәні мен сауапты жолын насихаттап қана қоймай, өзі де осы игі іске үлгі болып, жеке көлігін уақып жолына арнады, сол арқылы сөз бен істің бірлігін көрсететін, көпшілікке өнеге болатын тағылымды қадам жасады
Аталған игі істі ҚМДБ Уақып қорының директоры Азамат Абдикеримұлы Алматы қаласына арнайы сапары барысында, жамағаттың алдында, Алматы қаласының Бас имамы Төлеби қажы Дәділұлымен бірге ресми түрде қабылдады.
Осы сауапты ісі үшін ҚМДБ Уақып қоры Ержан Базарбекұлына шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған уақып садақасын қабыл етіп, өзіне еселеп сауап жазып, өміріне береке, отбасына амандық пен тыныштық нәсіп етсін!