ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бекіткен жоспары негізінде “Нұр-Мүбарак” университетінде “УАҚЫП” қорының жұмысын таныстыру мақсатында семинар өтті.
Алдымен, «УАҚЫП» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы “Уақып және уақып етудің сауабы” тақырыбында баяндама жасап, қор жұмысының маңызы мен қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының Бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы “Діни мамандардың Уақып қоры жұмысы жайлы сауатты болуы” тақырыбында баяндама оқып, уақыптың дін қызметіндегі орны мен жауапкершілігін атап өтті.
Семинардың мақсаты — діни мамандықты меңгеріп жатқан студенттерге уақып жайлы түсінік беріп, оның дін қызметінің дамуына тікелей әсер ететін маңызды құрал екенін жеткізу.