ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмыс жоспары аясында Астана қаласында қайырымдылық іс-шарасы жүзеге асырылды. Аталған игі шараны Уақып қоры ұйымдастырып, Астана қаласы бойынша уақып қорына жауапты маман Оразбай Нұрбол Қабланұлы Астана медресесіне және Балалар үйіне барып, азық-түлік көмегін табыстады.
Аталған қайырымдылық іс-шара барысында күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі азық-түлік өнімдері табысталды. Бұл көмек білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталып, олардың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге өз үлесін қоспақ.
ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бұл игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла Тағала жасалған әрбір қайырымды істі қабыл етіп, сауаптан жазсын!