Уақып қоры «Хусамиддин ас-Сығанақи» институтына бір ірі қара малын сойып таратты!
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі, жергілікті Уақып қоры ірі қара малын сойып, «Хусамиддин ас-Сығанақи» институтына таратты.
Пенде Алла жолында малын садақа етіп жұмсаған сайын берекесі арта түседі. Қасиетті Құранда Алла Тағала «(Мұхаммед): «Рас, Раббым несібені құлдарынан кімге қаласа, кеңітеді оған өлшеп те береді. Сендер тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы да есесін береді. Ол – ризық берушілердің ең жақсысы» де»,-деген! («Сәбә» сүресі, 39-аят).
Уақып жасаған адамның жан жүрегін, ішкі сезімін керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат құшағына кіргендей күй кешеді. Өмірдің қысымынан, дүние-мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан арылады.