ҚМДБ Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық «Нұр» мешітіне мінбер уақып етілді.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Кімде-кім Алла үшін мешіт салса, Алла Тағала оған тура сондай етіп, жәннатта бір үй тұрғызады», – деген (имам Бұхари, Мүслим).
Мешіттегі мінбер — жай ғана биік тұғыр емес. Ол — иман мен насихаттың, шындық пен хақ сөздің биік мінбері. Бұл орын — Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің сүннетін жалғастырып, жұма сайын үмметке ақиқат пен адалдықты жеткізетін қасиетті орын.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Ақиқатында Алла Тағаланың жер бетіндегі үйлері – мешіттер. Ал Алланың (ақысы) міндеті Өз үйін зиярат етіп келген пендесін құрметтеп жіберу», – деген (имам Табарани).
Мінберге шыққан адам әр сөзін ойланып айтуы керек. Себебі ол сөз – халыққа бағыт, жүрекке әсер, амалға себеп болады. Бұл — аманат. Жалған сөйлеген, дінді саясатқа айналдырған, мақтан үшін мінберге шыққан адам ауыр жауапкершілікке тап болады.