«Садақаны сауыңда бер» дегенді бойымызға сіңіріп өскен халықпыз. Енді оныңда сапалсына ұмтылатын шақ жетті. Ол «Садақа жария» яғни сауабы еш сарқылмайтын садақа. Жария дегенде көпке жария қылып берілген садақа екен ғой деп қалуымыз бек мүмкін. Мүлде олай емес екенін баса айтқымыз келіп отыр. Ал садақа жалпы алғанда мал-млікпен қатар ықылас ниетпен тіпті себепкер болумен де жасала береді. Оның төмендегідей төрт түрі бар екенін тілге тиек ете кетейік. Парыз, Пітір, Нәпіл және Жария болған садақалар.
Тақырыбымыз «Садақа жария» яғни сауабы сарқылмайтын садақа. Арапшадан сөзбе-сөз аударсақ үзілмейтін, кесілмейтін және тоқтамайтын дегенге саяды.
Тақырыбымыз «Садақа жария» яғни сауабы сарқылмайтын садақа. Арапшадан сөзбе-сөз аударсақ үзілмейтін, кесілмейтін және тоқтамайтын дегенге саяды.
«Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» - деген дана халыққа, сарқылмайтын садақаны санасына сіңіріп қайта жаңғыртуы қажет. Әрине садақаның азы мен көбі, үлкені мен кішісі болмайды. Оның құнын арттырып шарықтатын құлдың пиғылы мен ықыласы ғана. Ал садақа жария терминінің пайда болуына әрі анықтамасына ұйытқы болған «Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады: Олар садақа жария, пайдаланатын ілім және ол үшін дұға етіп жүретін бала» - деп келетін сұлу хадис. Мінекей осы хадис арқылы бәрін кең түсіне аламыз яғни мешіт-медресе, шипахана, балабақша һәм қоғамға пайдалы істің түгелі қамтылады. Қылаяғы сіз жасап кеткен аз істі біреу жалғастырған сайын ол сауап болып сізге аға береді.
Құран кәрімде садақа жайлы көп жерде аталып өткен. Оның түрлері: Инфақ, іисәәр, садақа және тасаддуқ һәм зекет деп аталып жатады.
عَلِيمٌ بِهِ اللّهَ فَإِنَّ شَيْءٍ مِن تُنْفِقُوا مَاوَ تُحِبُّونَ مِمَّا فِقُواتُنْحَتَّى الْبِرَّ تَنَالُوا لَن
Жақсы көрген мал-дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша ізгілік пен кемелдікке қол жеткізе алмайсыңдар. Сондай-ақ қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны, сөзсіз біледі. «Әл-Ғимран» сүресі – 92 аят.
Бұл өмірде кәміл адамдық қасиетке әсте қол жеткізе алмай, ең қиыны келесі дүниеде де ұжымаққа қол жеткізуіміз қиынға соғатыны өкінішті. Ал қол жеткізу жолы сүйіп, ұнатқанымыздан садақа беру. Абзалы сауабы сарқылмайтын садақа қалдыру.
بِمَا وَاللّهُ ئَاتِكُمْسَيِّ مِّن عَنكُم وَيُكَفِّرُ لُّكُمْ خَيْرٌ فَهُوَ لْفُقَرَاءا وَتُؤْتُوهَا تُخْفُوهَا وَإِن هِيَ فَنِعِمَّا الصَّدَقَاتِ تُبْدُواْ إِن .خَبِيرٌ تَعْمَلُونَ
Қайыр садақаны ашық түрде берсеңдер қандай жақсы! Ал егер ешкімге көрсетпей жоқ-жітіктерге жасырын түрде берсеңдер, әрине, бұл өздерің үшін әлдеқайда қайырлы болмақ. Алла сол арқылы біраз күнә-қателіктеріңді кешеді...
«Бақара» сүресі – 271 аят.
Сондай-ақ келесі аяттарда да, «Қайыр-садақа ретінде не берсеңдерде тек бір Алланың разылығына бөлену үшін бересіңдер. Игі жолда не сарп етсеңдер де, сауабы өздеріңе толық беріледі және әсте әділетсіздікке ұшырамайсыңдар. (272) (Беретін зекет-садақаларыңды ең алдымен) өзін Аллаһ жолында басыбайлы еткен кедейлерге беріңдер. Олар жер жүзін шарлап, ел аралайтын жағдайлары жоқ. Олар ешкімге алақан жаймайтын арлы да, намысты жандар болғандықтан, жай-күйлерінен бейхабар жандар оларды бақуатты екен деп ойлап қалады... (273) Дүние-мүлкін түн демей, күн демей жасырын һәм жария түрде игі жолда жұмсайтындардың Раббыларының құзырында алатын сауабы (сыйы) бар. Олапр үшін (әсіресе ахиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар, әсте мұңаймайды.
Әбу Хурайра рһ жеткізген хадис шәрифте:
.لَهُ يَدْعُو صَالِحٍ وَلَدٍ أَوْ بِهِ، يُنْتَفَعُ عِلْمٍوأ جَارِيَةٍ، صَدَقَةٍ :ثَلَاثٍ مِنْ الاَّ عَمَلُهُ عَنْهُ انْقَطَعَ مدآ ابنُ مَاتَ إِذَا
«Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады: Олар сауабы сарқылмайтын садақасы, пайдалы білімі және өзіне дұға ететін баласы»10 деген. Міне осы хадис Садақа жария деп аталатын маңызды үш амалды бір жерде жинақтаған. Басқа ізгілік жақсылықтың бәрі осы үш негізге келіп түйіліседі.
وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ ظِلَّ الْمُؤْمِنِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَدَقَتُه
«Қиямет күні мүміннің көлеңкелігі, оның берген садақасы болып табылады»12.
Аят, хадистерден түсінікті болғандай садақа жақсы іс, ал бірақ «садақа жария» тіптен абзал. Мысалы шыққан өнімді бір мәрте берсеңіз бұл садақа. Ал сол егістік алқабын толығымен Құдайға атап сатылмайды, сыйлыққа тартылмайды, керісінше Алла үшін өнімі жұмсалады десеңіз міне бұл «сауабы еш сарқылмайтын» садақа жария болмақ. Сондықтан Имам Нәуәуи садақа жарияны «Уақф» деген14. Уақф тоқтау, тоқтатылу демек. Яғни сатылымы, біреудің мүлкі болуы тоқтап, иесіне қияметке шейін сауабы барып тұру үшін тоқтады демек.
Бір күні бір қайыршы Хазреті Алиге келіп бір нәрселер сұрайды. Хз. Али баласы Хасанды анасына жұмсап: «Анаңа бар, өзіне бергем 6 дирхамның біреуін алып кел», - дейді. Баласы үйіне барып келеді де: «Анам ол 6 дирхамды ұн алу үшін қойып қойғанын айтты», - дейді. Сонда Хз. Али: «Бір құл Алланың құзырындағысына өз қолындағыдан да артық сенбейтін болса, иманы кәміл болмайды. Бар, оған айт, 6 дирхамның бәрін берсін», - дейді.
Ұлы Хасан үйіне барып 6 дирхамды әкесіне әкеліп береді. Али де оны қайыршыға береді. Али үйіне кіре берісте түйесін сату үшін жетектеген бір адам қасына жақындайды. Хз. Али: «Түйеңді қаншаға сатасың?» - деп сұрайды. Әлгі адам: «140 дирхамға», - деп жауап береді. Али: «Несиеге беретін болсаң, оны есікке байла», - дейді. Әлгі саудагер түйені есікке байлап кетіп қалады.
Арадан көп уақыт өтпей бір адам келіп: «Бұл түйе кімдікі?» - деп сұрайды. Али: «Менікі», - дейді. Ол: «Оны сатасың ба?» - деп сұрайды. Али: «Иә, сатам», - дегенде: «Оны қаншаға сатасың?» - деп сұрайды. Али: «200 дирхамға», - деп жауап береді. Ол да: «Жақсы, алдым», - деп 200 дирхамын санап беріп, түйені алып кетеді. Али түйесін несиге сатқан адамға 140 дирхамын алып барып береді де, қалған 60 дирхамын Фатима (р.а-һа) анамызға ұсынады. Сонда Фатима анамыз: «Бұл не?» - деп сұрайды. Хз. Али: «Бұл, Алланың: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады», - деп (6.Әнғам-160) Пайғамбары арқылы біздерге уәде еткен сыйы», - дейді. (Али әл-Муттақи. ҮІ. 572-573).
Бірде Фатима анамыз көңілсіз, ас ішуге деген тәбеті бармай отырған сәтінде Хз. Али бөлмесіне кіріп келеді. Сөйтіп жарына: «Ей, Фатима! Тәтті заттан не жегің келеді?» - деп сұрайды. Сонда Фатима анамыз: «Ей, Али, анар жегім келеді», - деді. Хазреті Али ақшасы болмағанымен сыртқа шығып, ойланып, қарыз алады да, базарға барып бір анар сатып алады. Үйіне келе жатып, жолда науқастанған кәрі кісіні көреді. Али оған жақындап: «Не қалайсыз?» - деп сұрайды. Ол адам: «Ей, Али. Бес күн болды осында тастап кетті. Адамдар өтіп кетіп жатыр. Ешкім маған қол ұшын берейін демейді. Анар жегім келіп тұр», - дейді. Хазреті Али сәл ойланып: «Егер қолымдағы анарды мына қарияға берсем, Фатима анарсыз қалады. Ал егер бермесем, Алла Тағаланың мына аяты бар: «Тіленшіге зекіме» (93.Духа-10) және Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Сұраушыны бос қайтармаңдар», - деген сөзіне қарсы келген болам деп, анарды әлгі қарияға береді.
Хазреті Али Фатима анамыздан ұялып, үйіне келеді. Фатима анамыз Алиді көрген кезде орынан тұрып қарсы алады. Али анар оқиғасын айтып бергенде Фатима анамыз: «Ей, Али. Сен уайымдама. Аллаға ант етемін, сен сол қарияға анарды берген кезде, анарға деген тәбетім басылды», - дейді. Хазреті Али осы сөзді естіп көңілі жайланады.
Көп уақыт өтпестен есік қағылады. Хз. Али есік қағып тұрғанның кім екенін сұрағанда Салман Фариси екенін айтады. Есікті ашып, ішке кіргізеді. Оның қолында беті орамалмен жабылған табақ бар еді. Ол табақты Алидің алдына қояды. Хз. Али: «Бұны кім жіберді?» - деп сұрайды. Салман: «Бұны Алла Пайғамбарына (с.а.у.) жіберген. Пайғамбар (с.а.у.) да саған жолдады», - деді. Али табақтың бетін ашып қарағанда 9 анарды көреді. Сонда ол: «Ей, Салман. Бұл әкелгенің маған болса, 10 болар еді. Өйткені Алла Тағала: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады», - деген» дейді (6.Әнғам-160). Салман күлімсіреп, жасырып қойған бір анарды шығарып, табақа қояды: «Ей, Али! Аллаға ант етейін анар саны он еді. Бірақ мен сені сынайын деп біреуін жасырып қойып едім», - дейді. (Мақасидут-Талибиин. 300-бет).
Садақа берудің он пайдасы бар. Осы дүниедегі бес пайдасы:
1. Мал-дүниені тазартады;
2. Күнәларды өшіреді: «Су отты сөндіргендей садақа да күнәларды өшіреді» (Тирмизи)
«Садақа тәкәппарлықты жояды» (Тирмизи)
3. Ауру мен апаттан сақтайды: «Науқастарыңды садақамен емдеңдер. Садақа әрбір ауруды және бәлекетті қайтарады» (Бәйхақи риуаяты)
«Садақа беруде асығыңыздар. Өйткені апат садақадан оза алмайды» (Табарани, Бәйхақи)
4. Мұқтаж жанды қуантады;
5. Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді:
«Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады» (Ибн Мәжа)
«Азда болса садақа беріңдер. Ақшасын тығып бермегенге, Алла да нығметін азайтады»(Муслим)
Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы:
1. Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады: «Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алады» (Бәйхақи)
2. Тозақтан құтқарады: «Жарты құрма болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар»
3. Таразыда сауабы басым болады;
4. Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;
5. Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.
Осының барлығы үзіліп, сарқылып және тоқтап қалатын садақа пайдалары. Ал сіз сауабы сарқылмайтын «садақа жария»ға күш-жігер жұмсап қалдыра білсеңіз қандай ғажайып іс, неткен қайырлы амал деңіз. Нұр үстіне нұр, сауап үстіне сауап қой. Садақа жария»ның ең ұлығы біреудің отау құруына себепкер болу. Өйткені, олардың ұрпағынан кім игі іс жасаса, соның сауабы себепші болған адамға барып тұрады депті Мұхиддин Араби.
Умар әл-Фаруқ мешітінің имамы
Советұлы Есимбек