Кейбір адамдар жақыны қайтыс болғанда, шектен тыс қайғырып, діни-имани құндылықтарға, мұсылмандық танымға теріс іс-әрекеттер жасап жатады. Ондай істер мәйітке еш пайда бермейді. Керісінше, мәйітке ауыр тиеді әрі күнә болмақ. Сол себепті мынандай әрекетке бармау керек:
- Ажалы таяған адамның алдында көз жасын төгу, ашу-ызаға беріліп, шариғатқа сай келмейтін жат қылықтарға бой алдыру;
- Әйелдердің бетін тырнап, киімін жыртып, түрлі күпірлік сөздер айтып, жоқтауы;
- Жаназа кезінде ән-күй ойнауы, арнайы қаралы жиын жасау;
- Өлген кісінің балағаттауға, оған қарғыс айтуға болмайды.
Айша анамыздан (р.а) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.у): «Өлілерді балағаттамаңдар! Шындығында, олар өздерінің істегендерінің есебіне қарай өтті», - деген (Бұхари риуаяты).