Қабірді зиярат ету Ханафи мәзһабы бойынша мұстахаб іс саналады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі зиярат еткен және біздерге зиярат етуді өсиет еткен.
Алланың Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мен сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған едім. Ал енді оны зиярат ете беріңдер» Мүслим риуаяты. Басқа риуаятта: «Өйткені ол зиярат ақыретті еске түсіреді» - делінген.
Алланың Елшісі (с.а.с.) әрбір жылдың басында Ухұд шайқасында шәһид болған сахабаларының қабіріне барып: «Дүниедегі сабырлықтарың үшін сендерге сәлем болсын! Ақырғы жайларың неткен жақсы!» - дейтін.
Ақыретті ойлап, қабірістанды зиярат ету – шариғатта бұйырылған амал. Хадисте: «Қабірлерді зиярат етіңдер. Ол ақыретті еске түсіреді», - делінген. Барған адамдар Құран оқып, дұға жасағаны жөн. Мәйітке оның пайдасы бар. Қабірстанға кез келген уақытта баруға болады. Зияратқа барған адамның мына сөздерді айтуы керек: «Әссәләәму ъалайкум иә әһләл – қубуур, уә иннә иншәә ‘аллааһу бикум ләәхиқуун, әнтум ләнәә фаратун уа нәхну ләкум тәбәъун, нәс’әлуллааһа ләнәә уә ләкумул – ъафияһ».
Мағынасы: «Уа, қабірстан қауымы! Сендерге Алланың сәлемі болсын! Алла қаласа, әлбетте, біз де сендерге қосыламыз. Сендер біздің алдымыздасыңдар, ал біз сендерге ілесушіміз, Алладан бізге және сендерге есендік тілейміз».
Қабір зияраты мәселесінде ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) қабірін зиярат ету сауапты іске жатады.
Зиярат етуші зияратты шариғат үкімдеріне сай атқаруы тиіс. Марқұмдардан еш нәрсе сұралмайды.
Қабірді зиярат ету мүмін пенденің иманын арттырады, ақыретті еске түсіріп, оған дайындалуына сеп болады.