Мұсылман мәйітті жерлеудің шариғи үкімі ижмағ бойынша - парыз кифая. Алайда мәйіт көмілмей қалса, сол тұрғылықты жердің адамдарына күнә болады. Ал егер нақты бір топқа жерлеу міндеттеліп, олар да оны еш себепсіз, үзірсіз жүзеге асырмаса, әлгі топ түгелдей күнәһар әрі Алланың әміріне қарсы шыққан болады.
Мәйіттің ер немесе әйел кісі, нәресте немесе жасы үлкен кісі, шәһид яки шәһид болмауы үкімді өзгертпейді. Бәрі де жерленуі тиіс.
Құран Кәрім аяттарында мәйітті жерлеудің міндет екенін ескертеді:
«(Уа, Мұхаммед) оларға Адамның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді». (Құрбаны қабылданбаған Қабыл): «Әлбетте мен сені өлтіремін», - деді. Сонда (Қабыл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді», - деді (28) «Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын! (29) Сөзсіз мен, сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп, тозақтық болуды қаламаймын. Осы, залымдардың жазасы» (30). Сонда оның нәпсісі, туысын өлтіруге қызықтырады да ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды (31). Сонда Алла оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға, жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды? Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?» - деді де, өкінушілерден болды [1].
«Расында, Адам баласына ардақтадық. Сондай – ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әрі оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым артық жараттық» [2]. Ажалы жетіп өлгеннен кейін жерлеу рәсімі адам баласын ардақтау болып саналады. Керісінше, адам баласының жерленбей, жиіркенетін жағдайда көмусіз қалуы – күнә. Аяттың үкімі барша адамзат баласына қатысты.
Сүннеттен дәлелдер:

а) Әйгілі мұхаддис имам әл – Хаким сахаба Убай ибн Кағб (р.а) риуаяты еткен хабарда Адам пайғамбардың қайтыс болуын баяндаған. Яғни, риуаятта періштелер Адам пайғамбардың жанын алғаны, жуындырғаны, арулап, кебіндегені келтірілген. Содан кейін періштелер оның жаназа намазын оқығаны, қабірін қазып көмгені де айтылады. Періштелер аталмыш істерді атқарып болғаннан кейін: «Уа, адамзат баласы! Сендердің мәйіттерге қатысты шариғаттарың осындай болмақ. Міне, дәл осылай бұлжытпай орындаңдар», - деп жар салады [3].
ә) Имам Бұхари Жәбир ибн Абдулладан (р.а) мына бір хадисті риуаят еткен: «Пайғамбар (с.а.у) Ухұд шайқасында шәйіт болғандарды бір қабірге екі кісіден жерлеуге кірісті. Көмудің алдында: «Қайсысы Құранды көбірек жаттаған?» - деп сұрады. Мынау деп көрсетілсе, алдымен соны қабірге кіргізді. Артынша: «Қиямет күні мен бұларға куәгер боламын», деді. Осылайша оларды жжауындырмай қанымен бірге көмуді бұйырды» [4].
Мәйітті шығару. Мәйітті жуу, кебіндеу және жаназасын шығару сияқты марқұмды жерлеуге апару да – парыз кифая.

Адамдар мәйіт салынған табыттың төрт жағынан ұстап, тербелтпей, тездетіп жүріп отырады. Көтергісі келген кісі табыттың алдыңғы оң жағын оң иығымен, соңғы оң жағын да оң иығымен көтереді. Сол жағының алдыңғы жағын да, соңғы жағын да сол иықтарына салып көтереді. Абдулла ибн Мәсғуд былай деген: «Кім мәйітті көтерсе, табытты барлық қырынан көтерсін. Расында, бұл сүннетке жатады. Сосын қаласа, көтеруін жалғастырсын, қаласа, басқаға берсін» [5].
Шетінеген нәрестені немесе одан үлкен баланы ер адам қолына алып, қабірстанға көтеріп апарады. Баланы түсіріп алмау үшін басқалардың демеп жүруіне болады. Баланы ат үстінде отырып та апаруға болады.
Үлкен кісіні ат үстінде көтеріп апару – мәкрүһ. Бірақ үзірлі (себепті) жағдайда рұқсат етіледі. Мәйітті жерлеуге апара жатқанда, табытты қатты селкілдетпей, орташа жылдамдықпен жүру мұстахаб.
Әйел кісінің табытының үстін мата не сол секілді т.б. нәрсемен жауып қою – сүннет. Жерлеп біткенше үстін мата не болса басқада нәрсемен көлегейлеп тұру керек.
Мәйітті шығарудағы қосымша нәрселер. Мәйітті жерлеуге көлікпен апаруға болады, бірақта қабірстан жақын болған жағдайда, жаяу апарған дұрыс. Мәйітке құрмет ретінде мәйіт алдында түсіп жүрмеген жөн. Мәйітті шығарып салушылар мәйіт артында жүргені абзал. Абдулла ибн Мәсғұд Алла Елшісінің (с.а.у): «Жаназаның алдынан емес, артынан жүреді. Алдында жүрген адам қатысқан болып саналмайды» - дегенін жеткізген Имам Ахмет риуаяты. Ал мәйіт салынған көлік алдыға ұзап кеткен болса, жүруге болады. Оң жақ немесе сол жағында жүруден, артында жүру абзал, тым қалып қоймай жақынырақ болу – мұстахаб. Мәйітті шығарып салуда орташа жылдамдықпен жүру – мұстахаб.
Мәйітті қабірстанға дауыс шығармай апару – сүннет. Құран Кәрім оқып, зікір айтып дауыс шығару да мәкрүһ. Алланы зікір еткісі келген адам іштей зікір айтсын, сондай – ақ жаназаға шырақ немесе түтін түтеткіш апарылмайды. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің хадис шәріпінде: «Мәйітті шығарып салғанда, дауыс шығарып та, шырақ алып та жүрмеңдер, сондай – ақ алдында жүруге болмайды», - деген [6]. Шариғатқа теріс іс (музыка ойнау немесе әйелдердің айқайлап жылауы және т.с.с) байқалса, оған тыйым салу керек. Қазалы үйге көңіл айта келгендердің мәйітті қабірстанға дейін шығарып салуы және жерлеу рәсімі біткенге дейін күткені абзал. Көңіл айтуға келе тұра жаназа намазына қатыспау – мәкрүһ.

Пайдаланған әдебиеттер:
- «Маида» сүресі, 27 – 31 – аяттар.
- «Исра» сүресі, 70 – аят.
- Имам әл – Хаким, Мустадрак
- Бұхари риуаяты.
- Ибн Мәжә риуаяты.
- Ас – Суюти риуаяты
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.