Уақып бұл – Алла разылығы үшін белгілі бір мүлікті қайырымдылық жолына арнау немесе бағыштау. Уақып – істелуі ұнамды болған және Аллаға жақындататын хайырлы іс. Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» (Бақара-267) деп, ескерткен. Және бір аятта: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады», (Әли Имран-92) деген.

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде уақып туралы насихат айтылды. Уағызды мешіт ұстазы, "Уақып" қорының Жамбыл облысы бойынша өкілі Есет Таласбаев жүргізді. "Уақып" қоры сарқылмайтын сауап көзі болғандықтан, оның маңызын мұқият білу уақыт еншісінде. "Уақып пен зекеттің айырмашылығы" тақырыбында насихат айтты.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде «Уақып – сарқылмас қазына» атты I және III аймақ имамдарына семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты имам-молдалар қатысты.

Семинар барысында Қанат Әділханұлы: «Біздің елімізде діни уақып енді басталып келеді. Діни уақып дегеніміз – құлшылық жасауға, білім алуға арналған жылжымайтын мүліктер (мешіт, медресе, жоғары діни оқу орны, қайырымдылық мекемесі, т.б.). Сонымен қатар, қайырымдылық уақып бағыты да бар. Қайырымдылық уақып дегеніміз – жылжымайтын мүлік пен қаржы көздерін сауапты істерге жұмсау», - деді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызмет