Қостанай облыстық орталық мешітінде 2024 жылдың 22 қаңтарында «Уақып – сарқылмайтын сауап» атты ақпараттық-насихаттау семинары өтті.
Семинарға «Уақып» қорының өкілі «Waqyp Invest» басқарушы компаниясының директоры Маулет Тургамбеков арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар облыс бас имамы Бахытбекқажы Нұрғабылұлы, «Уақып» қорының Қостанай облысы бойынша өкілі Бектұрсын Уәлиев және облысқа қарасты барлық аудан қала имамдары жиналып келді. Семинарда жалпы уақып жайлы жан-жақты мағұлмат айтылды.

Уақып – сарқылмайтын сауап, яғни адам дүниеден өтіп кетсе де, соңынан тоқтамай сауап барып тұратын амал екені айтылып, уақыпқа дүние қалдырудың бірнеше жолдары бар екеніне тоқталды. Атап айтар болсақ: көпір салу, діни орталық ашу, мешіт-медресе салу, баспанамен қамтамасыз ету т.б. түрлері аталды.
Сондай-ақ «Ruhanyat» атты дүкендер ашып, кәсіпкерлерге жан-жақты насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Әсіресе кәсіпкерлермен біріккен қайырымдылық жасауға арналған жоба туралы түсіндірмеге ерекше тоқталып өтті.
Семинар соңында қатысушылардың сауалдарына байланысты тұшымды жауаптар беріліп, тақырып аясында біраз мәселелер қозғалды.
Уақып өкілі Маулет мырза қазіргі таңда қала мешіттерінде діни заттар сататын дүкен иелерімен де арнайы кездесіп, қор жайлы түсінік берді. Алдағы уақыттарда мешіт аулаларындағы дүкен-павильондардың құрылысы заманға сай, бекітілген жоба бойынша әсем де көркем болуы қажет екенін түсіндіп берді. Жиынға қатысқан кәсіпкерлер де өз тарапынан көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.